151
8.3 Бизнес қауіпсіздігі
Бизнес-қызмет қауіпті, әсіресе қазіргі нарықтық жағдайларда
қауіпсіз емес. Бизнестегі тәуекел экономиканың жай-күйіне,
саяси
тұрақсыздыққа,
бәсекелестердің,
қылмыстық
топтардың
(жеке
тұлғалардың) заңсыз іс-қимылдарына, табиғи апаттарға байланысты.
Коммерциялық және саяси тәуекелдердің негізгі себептері 11-
кестеде келтірілген. Бизнестегі теріс салдарларды шектеу немесе
бейтараптандыру мақсатында әртүрлі қауіпсіздік шаралары көзделеді.
Кесте 23. Бизнестегі тәуекелдердің негізгі себептері:
Коммерциялық
Саяси
● нарықта тауардың сапасы
мен сатылуы;
● сатып алушы елінде импортқа тыйым
салуды енгізу;
● жүктерді
тасымалдау;
● ақша қаражатын аударуға тыйым салу;
●сатып алушының тауарды қабылдауы;
● ереуілдер, саяси тұрақсыздық, соғыс және
т. б.
● инфляция;
●сатып алушының төлем қабілеттілігі;
● валюта бағамының ауытқуы;
●күтпеген жағдайлар (табиғи апаттар және
т. б.)
Бизнес
қауіпсіздігі құқықтық, әкімшілік,
ұйымдастырушылық-
басқару, инженерлік-техникалық, тәрбиелік, арнайы шараларды қамтиды.
Оларды кешенді қолдану кәсіпкерге тәуекелді барынша төмен деңгейге
дейін төмендетуге көмектеседі.
Кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз ету — мүмкін
болатын
залалдардың алдын алу және қазіргі уақытта және болашақта
кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігінің
ең жоғары деңгейіне қол
жеткізу мақсатында оның функционалдық құрамдастарын іске асыру
процесі.
Бизнестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
фирмаларда арнайы
бөлімшелер құрылуы және қорғау шараларының кешені әзірленуі мүмкін.
Қорғау шараларының кешенін жүзеге асырудың басты мақсаты
қазіргі уақытта кәсіпорынның тұрақты
және барынша тиімді жұмыс
152
істеуін және болашақта бизнесті дамытудың жоғары әлеуетін қамтамасыз
ету болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: