150
2.
Тауардың /қызметтің сипаттамасы.
Клиент
әңгіменің не
туралы екенін түсінетіндей әрі іші пысып кетпейтіндей тауарды/қызметті
қысқаша сипаттап беру керек.
3.
Уақыт шектеулері.
Келесідей жағдай жиі кездеседі,
пайдаланушы өнімге немесе қызметке
шынымен қызығушылық танытса
да, ол былай ойлауы мүмкін: «Осы аптада менің қолым бос емес –
келесісіне барамын». Оған дейін клиент өзінің ниеті туралы ұмытып
кетеді немесе компанияның деректемелерін
жоғалтып алады немесе бұл
өнімді / қызметтерді басқа жерден сатып алады. Сондықтан, клиент сіздің
өнімдеріңізге немесе қызметіңізге қызығушылық танытқан кезде, әлеуетті
клиентпен бірінші байланыс жасау өте маңызды. Мұндай жағдайда
уақыты шектеулі акциялар немесе
жеңілдіктер жақсы көмектеседі,
сондай-ақ «Асығыңыз», «Керемет мүмкіндікті жіберіп алмаңыз»,
«Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз» және т.б. фразалары да көмектеседі.
4.
Іс-әрекетке итермелеу.
Клиент өнімді немесе қызметті сатып
алу ниетін іске асыруы үшін оны сатып алуға сәл итермелеуге болады.
Оған келесідей фразалар көмектеседі: «Бізге дәл кәзір телефон арқылы
қоңырау шалыңыз», «Біздің номерді теріңіз», «Бізге хабарласыңыз» және
т.б.
5.
Байланыс
деректемелері.
Компанияның
деректемелері
бейіндікте көрсетілген болса да, оларды постта тағы да көрсету керек
(мекенжайы, байланыс телефоны, WhatsApp нөмірі, картаға сілтеме және
т.б.). Клиентке бизнеске хабарласу неғұрлым жеңіл болған сайын, ол үшін
жасалатын қадамдар
барынша аз болған сайын, клиенттің сатып алуды
іске асыру шансы да артады.
6.
Хэштегтер
. Егер әлеуетті клиенттер
қандай да бір тауарды
немесе қызметті сатып алғысы келсе, бірақ оларға кімге хабарласу керек
екенін әлі білмесе, олар ең алдымен хэштег бойынша іздеуді пайдаланады.
Түркияға жедел турды сатып алғысы келген клиент іздеушіге «#түркияға
жедел турлар» деп жазады. Егер тиісті хэштег компания постының астына
жазылған болса, оған жаңа клиентке ие болу мүмкіндігі беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: