Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет57/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

Өндірістік франчайзинг
-
бұл тауарларды өндіруге арналған 
франчайзинг.
Бұл жағдайда қандай да бір өнімді дайындау 
технологиясына ие кәсіпорын өнімді дайындау үшін жергілікті немесе 
өңірлік зауыттарға шикізатты (мысалы, алкогольсіз сусындарды құю 
зауыты) сатады.


93 
Шағын кәсіпорын бұл жерде франчайзердің өнімдері мен 
қызметтерін сатып, оның сауда маркасына айналып қана қоймай, 
технологиялық процестің, сапаның, персоналды оқытудың, сату жоспарын 
орындаудың, жедел есептіліктің тең талаптарын орындай отырып, ірі 
корпорацияның шаруашылық қызметінің толық цикліне енгізіледі.
Бұл 
нысан франчайзер мен франчайзидің тығыз байланысын, қызметтің толық 
регламенттелуін және шағын кәсіпорын жауапкершілігінің жоғары 
деңгейін көздейді. 
Іскерлік франчайзинг
«бизнес форматтағы франчайзинг» деп 
аталады.
Бұл әдіс арқылы франчайзер жеке тұлғаларға немесе басқа 
компанияларға дүкендердің сауда нүктелерін, сатып алушыларға 
франчайзер атымен өнімдер мен қызметтер жиынтығын сату үшін 
дүкендер тобын ашу құқығына лицензия сатады. 
Осылайша, бұл қызмет түріне арналған франчайзинг, ірі 
корпорацияның толық өндірістік шаруашылық циклына шағын 
кәсіпорынды қосу болып табылады. Бұл франчайзингтің ең танымал түрі, 
бұл ретте жетекші компания франчайзер атымен өнімдер мен қызметтерді 
сату бойынша өз кәсіпорынын ашу құқығымен жеке кәсіпорындарға 
берілетін лицензияны (мысалы, жалға беру және тұрмыстық қызмет 
көрсету, бизнес пен халыққа іскерлік және кәсіби қызмет көрсету, 
дүкендер немесе дәмдеуіштер тізбектері, қонақ үйлер) сатады. 
Ірі корпорация тарапынан технологиялық процеске, сапаға оған тең 
талаптар қойылады, сондай-ақ персоналды оқыту, кәсіпорынның құрылыс 
алаңын таңдау, басқа да қызметтер (сатуды қамтамасыз ету әдістері, 
жедел есептілікті жүргізу және т.б.) қамтамасыз етіледі. 
Іскерлік франчайзинг кезінде франчайзи тұрақты жарналарды төлеуі, 
сондай-ақ франчайзердің қарауындағы жарнамалық қорға жарналар 
жүргізуі қажет.
Франчайзер франчайзиге негізгі қорларды жалға бере 
алады,оған қаржыландыруды ұсына алады; ол өзінің франчайзиы үшін 
жеткізуші ретінде де әрекет етуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет