105
таңдайды. Клиентке бағытталған кәсіпкерлік ұзақ мерзімді перспективаға
есептелген және иесіне тұрақты табыс әкеледі. Компания жылдам табыс
таба ма, әлде ұзақ уақыт тіршілік ететін және дамитын бизнес-жүйені құра
ма, осы екеуінің бірін таңдауы керек.
«Starbucks» желісінің кофеханаларында
әрбір тапсырыс берілген
стаканда кофеге сіздің атыңызды жазады. Бұл сусынның қожайынын
іздеуге көмектесіп қана қоймай, сонымен
қатар клиенттің атын атап,
сөйлесуге мүмкіндік береді. Ал адамдардың өз атын естуге құмар екені
анық.
Клиентке бағдарлаудан нарықтың
дамыған логистика
сияқты басқа
да трендтері туындайды. Тауарды сатумен іс аяқталмайды, оны клиентке
жеткізіп беру керек. Қаншалықты жылдам әрі ыңғайлы болса,
соншалықты тиімді.
Нәтижесінде, басқа да тең жағдайларда өз бизнесі
үшін неғұрлым дамыған логистикалық желіні қамтамасыз ете алатын
компаниялар бәсекелестік соғысында жеңеді.
Сондықтан заманауи
кәсіпкерлік өз өнімдерін клиентке жеткізу нұсқаларын мұқият қарастыруы
тиіс.
6.2 Стартаптың бизнес-моделі
Бизнес-модель
– бұл кәсіпкерлік қызметтің тұжырымдамалық
сипаттамасы, яғни 1) компания өзінің тауарлары
мен қызметтерін кім
үшін өндіреді; 2) клиенттерге нақты қандай тауарлар мен қызметтер
ұсынылады; 3)
осы өнімдер қалай жасалады; 4) компания ненің есебінен
табыс алады.
Достарыңызбен бөлісу: