Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет72/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

7. Негізгі іс-әрекеттер 
Жұмыс істеу үшін бізге қандай негізгі іс-әрекеттер қажет? 
Клиенттермен қарым-қатынас жасау үшін қандай негізгі іс-әрекеттер 
қажет? 
Бұл жерде жоғарыда көрсетілген барлық тармақтарды орындау үшін 
нақты қандай қадамдар жасау қажет екенін ескеру қажет. Оларға 
өнеркәсіптік үдерістің кезеңдері, жеткізу, маркетингтік қызмет, сатудан 
кейінгі қызмет көрсету және т.б. жатады. Басқаша айтқанда, бұл бағанада 
сіздің бизнес-үдерісіңіздің жұмыстарының басты кезеңдері белгіленеді. 
8. Негізгі әріптестер 
Біздің негізгі әріптестеріміз қандай? Біздің негізгі жеткізушілеріміз 
кім? Біз олардан қандай негізгі ресурстарды аламыз? 
Бұл жерге оларсыз сіздің бизнесіңіз тіршілік ете алмайтын 
әріптестерді жазу қажет. Оларға, мысалы, маркетингтік агенттіктер, 
жеткізушілер, кеңесшілер, фрилансерлер, аутсорсингтік компаниялар 
және т.б. жатады. Олар сіз үшін қандай негізгі ресурстарды жеткізеді? 
Осы кезеңде шығындарды қалайда азайтуға бола ма? Сіздің өнімдеріңізге 
бартер болуы мүмкін бе? 
9. Шығындар құрылымы 
Бизнес-модельмен қандай маңызды шығындар байланысты? Негізгі 
ресурстардың қайсысы ең қымбат? Негізгі іс-әрекеттердің қайсысы ең 
қымбат? 
Сіздің бизнес-модельдеріңізде қандай шығындар маңызды? Қай 
шығындар жоғары? Қандай қызмет көп шығынды талап етеді? 
Шығындарға өзгермейтін шығындар, ауыспалы шығындар, жалақы, салық 


116
төлемдері, ресурстардың құны және т.б. жатады. Барлық маңызды 
шығындар бөліп көрсетілуі тиіс. Осылайша олардың белгілі бір кезеңдегі 
жалпы шығын сомасындағы үлесін көрсетуге болады. 
Канва бизнес-моделінің үлгісі 
Ал енді Канва бизнес-моделін оқыту бағдарламалары/ойындары 
және әлеуметтік құрамдастары бар білім беру платформасы мысалында 
тәжірибеде қалай қолдануға болатынын көрейік. Онлайн курстар көбінесе 
қызықсыз әрі тиімсіз болады. Бұл біз шешкіміз келетін мәселе, біздің 
сервиске арналған идеяға келу үшін біз оны негізге аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет