112
Стартап та өзінің қайда бағыт алғанын, өзінің межелі пунктін дәл
біледі: әлемді өзгерте алатын – гүлденген кәсіпкерлік.
Lean Startup әдісі
бастапқыда мінсіз өнім жасауға емес, өміршеңдігі
ең төмен өнімді (MVP) шығаруға және
клиенттерден олардың нақты
қажеттіліктерін түсіну үшін тұрақты кері байланыс жасауға бағытталған.
Егер бастапқы жорамалдар тәжірибемен расталмаса, онда олар қате және
онда пивот (вираж) жасау – қозғалыс бағытын түбегейлі қайта қарау
қажет. Мұндай тәсіл стартап ешкім қажет етпейтін өнім жасайды деген
тәуекелді толық төмендетеді.
Негізін қалаушы Ник Суинмерннің
адамдар интернетте аяқ киім
сатып алады деген гипотезасынан басталған аяқ киімнің ең табысты
интернет-дүкені Zappos – осындай стартаптың мысалы бола алады.
Суинмерн бірнеше аяқ киім дүкендерінің ассортиментін суретке түсіріп
және
фотосуреттерді
интернетте
орналастыра
отырып,
өзінің
болжамдарын тексеру үшін шағын зерттеулер өткізді. Егер клиент сайтта
тапсырыс қалдырса, Суинмерн жай ғана дүкеннен
аяқ киімді қалыпты
баға бойынша сатып алып, оны сатып алушыға жіберді.
Достарыңызбен бөлісу: