113
5 сурет. Кәсіпкерлік жұмысының негізгі компоненттері мен үдерістерін
көрсететін көрнекі сызба
Сонымен, бұл кесте қалай толтырылады? Шын мәнінде, өте оңай. Өз
моделіңізді логикалық тізбектер арқылы құрыңыз.
1. Басты құндылықтар
Біз клиенттің қандай мәселелерін шешеміз? Біздің ұсынысымызда
не құнды?
Бұл блокта сіздің өз пайдаланушыларыңыз
сатып алатын
құндылықтарды атап өтуіңіз керек. Сіз өнімнің өзін емес, оның
пайдаланушыларға нақты не беретінін, қандай
мәселелерін шешетінін
салуға көңіл қойыңыз. Мысалы, егер бұл машина болса, брендтің
жылдамдығы,
сенімділігі, танымалдығы құндылық болуы мүмкін.
Клиенттің нақты нені сатып алатынын және оның нені сатып алғысы
келетінін бөлек көрсеткен жөн. Мүмкін ол өнімді өзіне қажет
болғандықтан емес, жай ғана баламасы жоқ
болғандықтан сатып алатын
шығар. Мүмкін, сіздің артықшылығыңыз – ассортимент емес, жайлылық
немесе жеткізу шарттары шығар. Сіздің міндетіңіз –
клиентті өз
жағыңызға тартатын басты құндылықты табу.
2. Тұтынушылардың сараланымдары
Біз кім үшін жұмыс істейміз? Біз үшін ең маңызды клиент кім?
Осы бағанда сіз сатып алушылардың негізгі сараланымдарын
белгілейсіз. Бұл адамдардың барлығы кім? Олар неден қорқады? Олар не
114
алғысы келеді? Оларға қалай әсер етуге болады? Мұны қалай жақсы
істеуге болады – дербес пе, әлде көпшілікке арнап жасаған дұрыс па?
Олар нені тыңдайды,бос уақытын қайда өткізеді, нені бағалайды?
Әлбетте,
бұл
сұрақтардың
бәріне
тұтынушылардың
маңызды
сипаттамаларына –
жынысына, жасына және т.б. байланысты сіздің
бизнесіңіз бойынша жауап беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: