Бизнеске кіріспе


Инновациялық бизнес-модельдер



Pdf көрінісі
бет66/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

Инновациялық бизнес-модельдер 
Бизнес-модель кез келген компанияда бар, бірақ, егер компания төрт 
аспектінің кем дегенде екеуін өзгертсе ғана, яғни нарықта қабылданған іс-
әрекеттерден тыс іс-қимылдар жасаса, ол инновациялық болып табылады
Жүргізілген зерттеулер, егер компания өнімді емес, нақты бизнес-
модельді жетілдірсе, ол 6%-ға анағұрлым табыстырақ болатынын 
көрсетті. Әлемнің ең жаңашыл 25 компаниясының 14-і инновациялық 
бизнес-модельдерді пайдаланады. Егер компания бизнес-модельді 
өзгертсе, одан кейін 60% табыс көбейеді.
 
 
Бизнес-модельді түрлендіру 
Негізге ала отырып кәсіпкерлікті өзгертуге және оны табысты етуге 
болатын бизнес-модельдерді түрлендіруге арналған 55 шаблон бар. Санкт-
Галлен университетінен келген 
Оливер Гассманның
(Швейцария) 
басшылығымен экономистер мен талдаушылар командасы барлық 
инновациялық бизнес-модельдерді 55 шаблонға жеткізуге болатындығына 
көз жеткізу үшін мыңдаған инновациялық кәсіпкерлікті тексерді. Бұл 
шаблондарға атаулар беріліп, олар шаблонның өзін сипаттайтын және оны 
бизнеске қалай қолдану керектігін түсіндіретін карталар түрінде 
ресімделді. 
Инновациялық 
бизнес-модельдерді 
шаблондау 
әдісі 
кәсіпкерліктің әр түрлі салаларындағы көптеген компанияларда сынақтан 
өткізілді. Тәжірибе көрсеткендей, осы шаблондардың бірін өз бизнес-
моделінің инновациясы үшін пайдаланған компаниялар айтарлықтай 
табысты болды.
Біз сізбен инновациялық бизнес-модельдің 5 үлгісін толығырақ 
қарастырамыз: 
«Ұстара мен оның жүзі» бизнес-моделі 
Базалық өнім арзан немесе тегін таратылады. Бұл ретте оны пайдалану үшін қажетті 
шығыс материалдары қымбат және жоғары табыс әкеледі. 
Клиенттер бастапқы жабдықты сатып алады және ұзақ жылдар бойы қосалқы 
бөлшектер мен сервистік қызмет алу үшін оралып отырады. Көптеген жағдайларда олар 
бөлшектер мен қызмет көрсетуге түпнұсқа техникаға төлеген қаражатқа қарағанда көп 
қаражат жұмсайды. 
Өзгертілген аспект: «Кім?». 


109 
Hewlett-Packard жеке пайдалануға арналған әлемдегі бірінші ағынды 
принтерге – ThinkJet-ке бейімдеп, осы модельді 1984 жылы игерді. 
Қымбат өнеркәсіптік принтерлерге қарағанда, бұл принтер небары 495$ 
сатылды, яғни орташа американдықтың қалтасы көтеретін баға. 
Принтерлерге арналған картридждерді кейіннен сату арқылы Hewlett-
Packard көп табыс түсірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет