Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет62/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

4. Ұсақ-түйекке қуану. 
Бақыт тек ұлы істерден (сәттілік, ұлы 
мақсатқа қызмет ету) және материалдық заттардан (жоғары жалақы және 
үлкен үй) тұрмайды. Күнделікті бақыт ұсақ-түйектерден тұрады: дәмді 
таңғы ас, шуақты күн, концертке бару немесе велосипедпен кешке 
серуендеу мүмкіндігі. Сізге рақат сыйлайтын заттарды атап, оларға 
шынайы қуана отырып, осы ұсақ-түйектер үшін тағдырға ризашылық 
білдіріңіздер. 
5. Бүгінгі күнмен өмір сүру. 
Бүгінгі күнмен өмір сүру ұсақ-
түйектерге қуана білу және өзін-өзі босата білуге тікелей байланысты. 
Оған қоса, бүгінгі күнмен өмір сүру – біз осыған дейін айтып өткен 
ағынды күйге ұқсас күй. Ағынды күй және «бүгінгі күнмен өмір сүру» – 
адамның өзі ісіне жан-тәнімен берілгендігі соншалықты, басқа нәрселерге 
мән бермеуін білдіреді. Ол өз жұмысынан ләззат алады және ол мақсатқа 
жету құралы емес, жеке Өзіндік мақсат болып табылады. Яғни, сіз табыс 
табу үшін жұмыс істемейсіз, сіз ол істен ләззат аласыз, дамып-жетілесіз
өз мақсаттарыңызға қол жеткізесіз және әлемді жақсартасыз.
Қорыта келе, табысты бизнесмен болу үшін ең бастысы – өз 
істеріңізден ләззат алу, шағын істерден бастау қажет, өзіңді болашақта 
қандай дәрежеде көргің келетінін елестетіп, осы жағдайға әкелетін ұсақ іс-
әрекеттер жасаудан бастау керек; стереотиптерден аулақ болып, өз 
қалауың мен наным-сенімдеріңді ұстану; қоршаған ортаға зиян келтірмеу 
және басқа адамдарға және олардың қажеттіліктеріне құрметпен қарау
ұсақ-түйекке қуана білу және олардан ләззат алу; ағынды күйде болуға 
тырысу және әр түрлі ішкі және сыртқы стимулдар арқылы өз-өзіңді осы 
күйге қайтаруға күш салу. 
Ал енді өзіңіз жүзеге асыра алатын бизнес-идеяны іздеуге кірісейік.
Бизнес-идея
– болжамды кәсіпкерліктің қысқа әрі нақты 
анықтамасы. Өз бизнесіңізді бастау үшін сіз немен айналысқыңыз 
келетінін анықтап алуыңыз керек. Жобаның табыстылығы оның негізінде 
қандай бизнес-идея жатқанына тікелей байланысты. 
Бизнес-идея: 
-
тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиіс; 
-
табыс әкелуі тиіс;


103 
-
кәсіпкерге моральдық қанағат әкелуі тиіс. 
Мыңдаған идеялар бар, олардың ондағаны жүзеге асырылады, ал 
табысқа бірлі-жарымы жетеді. Табысты идеяны іздеу және таңдау 
құпиясы неде? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет