118
III-ТАРАУ. БИЗНЕС ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ
МАРКЕТИНГ
7 ТАҚЫРЫП
БИЗНЕСТІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
7.1 Басқару құрылымының құрылу қағидалары
мен сипаттамалары
7.2 Көшбасшылық пен басшылық
7.1 Басқару құрылымының құрылу қағидалары мен сипаттамалары
Басқару бұл – ресурстарды толық пайдалану арқылы
кәсіпорынның
мақсатына жетуді білдіреді, яғни зерттелген көрсеткіштер бойынша –
басқаруда жалғыз модель болмайды. Себебі әрбір фирма ерекше және
оған өзінің формасын табу қажет. Бұл процесс үздіксіз және ол фирманы
түбегейлі, не болмаса оның ортасын өзгертеді. Басқару жүйесінің
соңғы
моделі – жай және ыңғайлы болуы қажет. Оның басты критериі болып -
кәсіпорынның тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
болып табылады. Бұл критерисіз кәсіпорын – табыс табуға мүмкіндігі жоқ
болады.
Басқару ұйымының негізгі аспектісі – бұл кәсіпорынның құрылымын
құру болып табылады. Құрылым- тұрақты қарым қатынастағы, және оның
дамуымен қызметін біртұтас қарайтын өзара
байланысқан элементтердің
жиынтығы. Құрылымның элементі болып жекелеген қызметтер,
жұмысшылар және басқару аппаратының басқа да звенолары жатады.
Құрылым шеңберінде басқару процесі (ақпарат қозғалысы және
басқарушылық шешімдерді қабылдау) жүреді.
Кәсіпорынынң ұйымдық құрылымы - бұл алға қойылған мақсат пен
міндеттерге жету болып табылады. Құрылымдық жұмыстар –
мақсаттан
және стратегиядан басталуы қажет. Құрылым стратегияның бағытымен
жүреді және онымен анықталады, яғни екіншісі ауысқан уақытта біріншісі
де ауысады.
119
Басқару құрылымы – басқару сферасында еңбекті бөлу формасында
көрінеді, және басқару жүйесі қызметіне әсер етеді. Басқару құрылымы
талаптарға сай болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: