Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет80/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

қағидаларға 
негізделуі тиіс: 

басқарудың ұйымдық құрылымы ұйымның мақсатына негізделуі 
тиіс, сонымен қатар өндіріске және оның қажеттіліктеріне бағытталуы 
керек;

мамандығына, қызметіне, қабілеттеріне және мүмкіндіктерін 
ескере отырып қызметкерлердің жұмысын оңтайлы түрде бөлу;

ұйымдық құрылымды қалыптастыру барысында әрбір қызметкер 
мен басқару органының міндеттері мен өкілеттіліктерін дұрыс бөлу;

қызметтер мен міндеттердің, өкілеттіліктер мен жауапкершіліктің 
арасында сәйкестік орнату керек, олай жасамаса жүйе құрдымға кетеді;
Осылайша ұйымдық құрылым функционалдық міндеттердің, 
құқықтар мен жауаптылықтың, тәртіптің тиімді бөлінуіне негізделеді. 
Басқарудың ұйымдық құрылымының элементтері – қызметкерлер 
(басқарушылар, мамандар, қызметкерлер) және басқару органы болып 
табылады. 
Кәсіпорынның мақсатына жауап беретін және қызметтің басты 
міндеттерін қарастыратын басқарудың ұйымдарық құрылымын таңдау 
барысы –оған әсер ететін барлық факторларды, жетістіктерді бағалау және 
ұйымдық құрылымдардың әр түрлі кемшіліктерін, яғни оларды талдау 
арқылы жүзеге асырылады. 
Қазір кәсіпорындар шағын болып құрылып, бірте-бірте ұлғая түседі. 
Осылайша ұйымның өмірлік циклі бір сатыдан екіншісіне көшеді және 
өмірлік циклдің (ену, өсу, жетілу және құлдырау) әрбір кезеңінде оның 
қызметі мен құрылымы өзгеріске ұшырап отырады. Ену кезеңінде 
кәсіпорын құрылады және өзінің бірінші қадамдарын жасайды. Негізін 
құрушы болып кәсіпкер немесе кәсіпкермен біріккен адамдар тобы болып 
табылады. Өсу шағында кәсіпорынның қызметкерлерінің саны 


126
жоғарылайды, сонымен қатар кәсіпорын белгілі бір тауарды шығаруға 
бағытталады. Жетілдіру кезеңі үлкен көлемді өндіріс пен білікті 
жұмысшылардың 
өсуімен 
ерекшеленсе, 
құлдырау 
кезеңі 
деорталықтандырылуды күшейтумен, кәсіби бөлімдердің көбеюімен 
ерекшелендіріледі. 
Басқарудың 
ұйымдық 
құрылымы 
тұрақты 
емес, 
өзгеру 
жағдайларына сәйкес, әрдайым жетілдіріліп отырады. Сондықтан 
құрылым кең түрлілігімен ерекшеленіп, көптеген объективті факторлар 
және жағдайлармен анықталады. Олардың маңыздылары:

бизнес масштабтары (кіші, орта, ірі); 

бизнестің салалық және өндірістік ерекшеліктері (тауар өндіру, 
қызмет көрсету, сату-сатып алу); 

өндіріс ерекшеліктері (жаппай, сериялық, жеке); 

кәсіпорынның қызмет ету аясы (тұрғылықты, ұлттық, ішкі нарық); 

басқару жұмыстарының автоматтандырылу және механизациялану 
деңгейі;

жұмысшы, қызметкерлердің біліктілігі т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет