Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет81/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

7.2 Көшбасшылық пен басшылық 
 
Қазіргі кезде менеджерлер ресми билік шешіміне жүгінгенді дұрыс 
деп санайды, бірақ шешім өзгеріске ұшырап отыруы тиіс. Тәжірибелі 
менеджерлер жұмысшыға оның жауапкершілігі, міндеттері туралы жеңіл 
ескертеді, ал бұл маневр жұмысшыларды менеджерлердің өздерімен 
санасатыны туралы түсінік қалыптастырады. 
Басшының ерекшеліктерін зерттеуде оның тұлғасына баса назар 
аударылады. Басшылық жүйесіндегі тұлға менеджерлердің шын басшы 
болуына көмектесетін қасиеттер кешенін дамытуымен көрсетіледі. 
Осыған орай биліктің басты қасиеттері ретінде мыналар саналады: 

басшының тұлғалық белгілері; 

тұлғаның өзі туралы түсінігі; 

тәртібіне әсер етуші қажеттіліктер мен алға ұмтылушылықтар

маңызды сендірулер жүйесі; 


127 

шешім қабылдау үлгісі; 

тұлғалар арасындағы қатынас үлгісі; 

стресске төзімділік. 
Басшыларға тән пайымдаудың сипатты белгілерін бөліп көрсетсек: 
икемді – догматизм, өнімділік, жылдамдық және ойлауды талдау. 
Икемді – догматизм. 
Догматикалық басшыға шешім қабылдау үшін 
дәстүрлер, ережелер маңызды. Ойлаудың икемділігі оның жаңа ақпарат 
алуды қалап тұратындығында. Егер ол кең көлемді ақпарат алса ол бірдей 
үлгілерін теңестіріп, аз ғана сана дәрежесімен ойлауға дағдыланады. 
Ойлаудың өнімділігі 
басшының шындықпен жанасатын жаңашыл 
идеялардың туындауымен сипатталады. Басшы көбіне кеңесшілер мен 
талдаушылардың қарсыласуынсыз қабылданатын идеялар ұсынып
шешімдер қабылдауы керек. 
Ойлау жылдамдығы.
Тығыз ойланатын адамдар басшы бола 
алмайды. Олар өз шешімдерін талдап барып қабылдауды жөн санайды. 
Олардың бұл қасиеттері басшылыққа ұмтылғанда кедергі келтіреді. 
Ойлауды талдау. 
Егер басшы болған жағдайды талдауға қабілетсіз 
болып, оны сол қалпында қабылдаса, ол басшылықты көп ұстап тұра 
алмайды деген сөз. 
Басшы негізінен кез – келген жағдайда мен - концепциямен жұмыс 
істейді. Оның тәртібі өзі туралы не ойлауына байланысты болады. 
Физикалық Мен – оның денсаулық жағдайы мен физикалық күйінің 
түсінігі. Өзінің күші мен саулығын түсіну басшыға өзін ұстауда сенімділік 
береді. 
Отбасылық Мен – басшының қалыптасуына ата – анасының ықпалы 
зор. Ол құрылымда басшының бала кезінде қандай ата-анасы болғаны 
маңызды.
Әлеуметтік Мен - басшы басқалармен бірігіп жұмыс істеге
келіссөздер жүргізіп, өз әріптестерін алға ұмтылдырулары қажет, бұл 
жерде ол араласа алу қасиетін көрсетуі қажет. 
Психологиялық Мен өзінің ішкі дүниесіндегі армандарын, 
қиялдарын, қорқыныштарын, шиеленістерін түсіне білу қажет. 


128


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет