Бизнеске кіріспе


басшы мен бағынушы арасындағы



Pdf көрінісі
бет83/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

басшы мен бағынушы арасындағы 
қатынас
саяси басшы құбылысы деп түсіндіреді. Кейбір елдерде билікте 
басшының әрекеті белсенді болса, кейбірінде бағынушылардың әрекеті 
белсенді болады.
Басшы 
мен 
оның 
ұжымының 
арақатынасы 
басшылықты 
ұйымдастырудың басты қағидасы. Егер басшы жауаптылық, тусінушілік, 
бірбеткейлік қаситтерге ие болса оның ізбасарлары да осындай 
қасиеттерге ие болады. 
Басқарудағы жетекшілік мәселесін нақты анықтау үшін «басқару», 
«жетекшілік», «басшылық» деген ұғымдарды ажырату керек. 
Басқару дегеніміз мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған кез 
келген әсерлерді ұйымдастыру процессі. Жетекшілік – бұл басқару іс-
әрекетінің бір ғана бөлігі, мұнда әр түрлі басқару сұрақтары 
бағынушыларға әсер ету арқылы шешіледі.
«Басшылық» және «жетекшілік» туралы әртүрлі түсініктер кез 
келген ұйымда қарым-қатынастың екі түрінің болуына байланысты – 
формальды және формальды емес. 
Жетекшілік 
– бұл адамдарға әсер ету 
процессі, жүйелі формальды емес қарым-қатынастың жемісі. Ал 
басшылық болса ең алдымен нақты құрылымдық формальды қарым-
қатынастың бар болуын меңзейді, тиісінше ол осының негізінде жүзеге 
асады. Басқарушының рөлі формальды құрылым арқылы анықталады
оның қызметі, ережеге сай нақты айқындалған, санкцияны қолдану 


130
құқығы талассыз. Жетекшілік керсінше, кенеттен, стихиялы, жартылай 
саналы психологиялық қалаулар дәрежесінде қалыптасады.
Жетекші мен басшы қызметте жоғарлаудың әртүрлі жолдарын өтеді. 
Жетекші, тіпті ол алғашында басқа біреу арқылы ұсынылса да, оны топ 
мойындайды, қабылдайды, нәтижесінде сайлайды. Образды түрде 
айтқанда, жетекшілікті төменнен жоғарыға бағытталған вектор деп айтуға 
болады, ал басшылық – қарама-қарсы бағыттағы вектор. 
Басшылық пен жетекшіліктің негізгі ерекшеліктерін келесідей түрде 
көрсетуге болады: 

жетекші топтағы тұлға аралық қарым-қатынасты реттеп 
отырады, басшы – топтың ресми қарым-қатынасын реттеп отырады; 

жетекшілікті микроорта жағдайында белгілеуге болады
басшылық – макроорта элементі.

жетекшілік стихиалы түрде пайда болады, ал басшылықты 
тағайындау стихиялы құбылыс емес, басшылықпен салыстырғанда 
жетекшілік анағұрлым тұрақты, көп жағдайда топтағы көңіл-күйге 
байланысты болады.

басшылықтың қолында жетекшіде жоқ бағынушыларға 
қатысты белгілі бір санкциялардың әртүрлі жүйесі бар; 

басшының шешім қабылдау процессі күрделі әрі топтың 
қатысуынсыз жүзеге асырыла береді, ал жетекшінің шешім қабылдауы 
шартты түрде топпен бірге жүреді; 

жетекшінің іс-әрекет аумағы негізінен шағын топтар, 
басшының іс-әрекет аумағы – әлдеқайда кең әлеуметтік жүйе.
Маңызды жайт, ұжымның жұмыс атқаруына әртүрлі жұмысшылар 
түрлі әсер етеді. Басшы қызметіндегі жетістік оның жұмысқа деген 
талаптарды әр жұмысшыға дара тәсілді қолдана алуымен үйлестіре 
алуында және өндірістік қызметке қосқан үлесін сыйлап, мадақтап 
отыруда.
Басшы бұрын қалыптасқан, жұмыс жасау тәжрибесі бар топ 
жұмысына тап болған жағдайларда, оған жұмысшылардың білім мен 
біліктіліктерін ары қарай дамыту үшін нұсқамалар мен бақылауға үлкен 
көңіл аудару қажет болады. Жетекшілік қызметіне таңайындалу 


131 
процессінде ол топтағы әлеуметтік-психологиялық климатқа және топ 
топқа тиесілі екендігіне көп көңіл бөлуі тиіс. Сәйкесінше, түсіндіру 
жұмыстарымен салыстырғанда бұйрықтар үлесін азайтуы тиіс. 
Критерий бойынша топтың негізгі іс-әрекетіне қатысты жетекші 
конструктивті және деструктивті болуы мүмкін. Конструктивті жетекші 
топ алдына қойылған мақсаттың орындалуына бар күшін бағыттайды. 
Деструктивті басшы топтық мақсатқа қарсы келетін өз мақсаттарына 
бағдарланады немесе ол жетістікке өзі дұрыс деп санайтын жол ғана алып 
келеді деп қатты қателеседі. Бұл жол айқын есеппен емес эмоциялар 
арқылы анықталады, ол тиісінше топтың кейбір мүшелерін осындай 
ойларды тудырып, деструктивті жетекшінің соңынан еруіне әкеліп соғуы 
мүмкін. 


132


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет