124
жүзеге асыру үшін кәсіпорынның ең
жақсы маманданған кадрларын
жинау болып табылады. Жоба аяқталғаннан кейін команда таратылады.
Матрицалық құрылым
–жоба топтарының мүшелері жоба
басшысына бағына отырып, тұрақты қызмет атқарып жүрген
функционалдық бөлімдерінің басшысына да бағынады. Матрицалық
құрылымнның негізгі кемшілігі – оның күрделілігі. Соның өзінде
құрылым салалық өндірісте,
химиялық, электрондық, есептеу техникасы
өндірісі барысында, сонымен қатар банктерде, сақтандыру жүйелерінде
қолданылады.
Ұйымдық құрылымды қалыптастыру үрдісі
мақсаттар мен
тапсырмаларды жүйелеуді, бөлімшелердің құрылымы мен орнын
анықтауды, сонымен қатар оның құжаттары, жағдайы, әдістерін өзіне
біріктіреді. Аталған бүкіл жүйені үш негізгі кезеңге бөліп қарастырсақ
болады:
1.
Жалпы ұйымдық сызбаны қалыптастыру.
Бұл кезеңде
кәсіпорынның негізгі сипаттамасы анықталады
2. Негізгі бөлімшелердің құрылымын және олардың арасындағы
байланысты әзірлеу. Бұл кезеңде сызықтық функционалдық және
бағдарламалық нысандық бөлімдер арасында ғана емес,
басқару
аппаратының дербес бөлімшелері арасында да ұйымдық шешімді әзірлеу
қарастырылады және сонымен бірге олардың арасында нақты
тапсырмаларды бөлу мен ұйымішілік байланыстарды құру көзделеді.
Дербес
(базалық)
бөлімшелерге
мыналар
жатады:
бөлімдер,
басқарушылар, секторлар, бюро, зертханалар және олар сызықтық-
функционалдық және бағдарламалық-нысаналық кіші жүйелерге бөлінеді.
Дербес (базалық) бөлімшелердің өздерінің ішкі құрылымы болуы мүмкін.
3. Ұйымдық құрылымды реттеу – басқару аппаратының мінездемесі
мен басқару қызметінің тәртібін қарастырады. Ол өзіне мыналарды
біріктіреді: базалық бөлімшелердің ішкі
элементтерінің құрылымын
анықтауды; нақты орындаушылар арасында орындалатын тапсырмаларды
белгілеу; оларды орындау жауаптылығын белгілеу; бөлімшелер арасында
басқарушылық жұмысты орындау тәртібін жасау.
125
Басқарудың тиімділігін анықтау үшін басқару жүйесінің және
ұйымдық құрылымының сәйкестігін анықтау керек. Ол міндеттер мен
мақсаттардың теңгерімділігіне, жұмыскерлер құрамының жұмыс көлемі
мен қиындығына, қажетті ақпараттармен
қамтамасыз етілуіне,
технологиялық құралдармен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымдық құрылымды қалыптастыру бірнеше
Достарыңызбен бөлісу: