Бизнеске кіріспе


 Бизнесті электрондық жүргізу



Pdf көрінісі
бет87/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

 
8.2 Бизнесті электрондық жүргізу 
 
Ақпараттық технологиялар деп қоғамдық өмірдің барлық 
салаларында ақпаратты жасау, жинау, сақтау, өңдеу үшін компьютерлік, 
есептеу техникасын және байланыс құралдары жүйелерін пайдалану 
түсініледі. 
Ақпараттық технологиялар ақпараттық қоғам құруды қамтамасыз 
еткенде, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған, ақпараттық 
бизнес деп аталатын қуатты индустрия пайда болады. 
Ақпараттық технологияда дамуы қоғамның қажеттілігінің өсуімен 
реттелетін бес бағыт бар, олар: 
Ақпараттық технологияларда бес басым бағыт «ақпараттық 
үрдістер» бар, олардың дамуы қоғамның өсіп келе жатқан 
қажеттіліктерімен ынталандырылады: 

ақпараттық өнімді дамыту; 

өзара әрекеттесу қабілеті; 


137 

аралық буындарды жою; 

жаһандану және конвергенция. 
Әрбір үрдіс өте күшті нарықтық, технологиялық мүмкіндіктер мен 
қоршаған ортаның әсер ету факторларының жылжымалы үйлесімін 
білдіреді. Сонымен қатар, олар бір-бірін толықтырады және әрекетте 
болады.
10 сурет. Ақпараттық үрдістер (тенденций) 
Ақпараттық үрдістердің өзара байланысы олардың әрқайсысын 
күшейтеді. Жасалған ақпараттық өнімге ұмтылу аралық буындарды жою 
мүмкіндігін қамтамасыз ететін өзара іс-қимыл жасау қабілетін дамытуға 
әкеледі. 
Соңғысы жаһандануға әкеледі, ол өз кезегінде конвергенцияға 
апарады. 
Конвергенция Ақпараттық технологиялар саласындағы білімнің 
таралуын ынталандырады, бұл ақпараттық өнімге сұраныстың артуына 
ықпал етеді. 
Бизнесті табысты жүргізу үшін қазіргі заманғы автоматтандырылған 
ақпараттық жүйелерді келесі сыныптарға бөлуге болады:
1.
Бизнесті ақпараттық қолдау: 

ақпараттық анықтамалық жүйелер;

сараптамалық жүйелер;

әртүрлі деректер қорлары. 
2.
Қаржылық-экономикалық ақпараттық жүйелер 


138

бухгалтерлік есеп және аудит; 

банктік автоматтандырылған ақпараттық жүйелер;

қаржы нарығындағы автоматтандырылған жүйелер. 
3.
Басқару автоматтандырылған ақпараттық жүйелері 

қағазсыз құжат айналымы жүйелері;

басқару автоматтандырылған ақпараттық жүйелері; 

құқықтық ақпараттық жүйелері. 
Интернет-маркетинг арнасын қалай таңдауға болады? 
Интернет-маркетинг арнасын таңдағанда, өзіңіздің мақсатты 
аудиторияңызға және өніміңізге сүйену керек. Сіз өз клиентіңіздің 
портретін қалай құрғаныныңызды және оған есім бергеніңізді есіңізге 
түсіріңіз (мысалы, Серік). Өзіңізге сұрақ қойыңыз: Серік ақпаратты қалай 
іздейді? Қандай сайттар мен әлеуметтік желілерді ұнатады? Сіз бұл 
туралы әлеуетті клиенттеріңізден тікелей сұрай аласыз немесе 
Интернеттегі статистикалық ақпаратты қарауға болады. 
Сіз сондай-ақ өзіңізді клиентіңіздің орнына қоя аласыз. Мысалы, 
сіздің жаңа терезе қойғыңыз келді. Сіз не істейсіз? Интернетте іздеу 
терезесіне «терезе орнату» деп жазып, бірнеше сайтқа кіруіңіз мүмкін. 
Сайтта сіз материалдар, дайындау мерзімі туралы ақпараттың қайда 
жақсы көрсетілгенін, онда сізге сәйкес келетін оңтайлы нұсқаны таңдай 
аласыз. Сондықтан терезелерді сату үшін оңтайлы онлайн-жылжыту 
арнасы сайт болады және онымен бірінші кезекте айналысу керек: 
контентпен және дизайнмен жұмыс істеу, оны іздеуді оңтайландыру 
қажет. Егер сіз балмұздақ сатсаңыз, сайт қажет емес – сіз еш уақытта 
балмұздақ өндірушінің сайтына кіріп, оның құрамын немесе 
технологиясын іздеп оқыған жоқсыз ғой. Сондықтан балмұздақ өндіруші 
үшін балмұздақтың фотосуреттері, балалардың мәз-мейрам болған 
жүздері және т.б. бейнеленген әлеуметтік желілер қолайлы. Егер сізде 
техникалық қызмет көрсету бекеті (ТҚКБ) болса, онда клиенттердің сізді 
әлеуметтік желіден немесе сайт арқылы іздемейтіні анық. Олар жай ғана 
2GIS немесе OLX «ТҚКБ» деп жазады. Сондықтан сіз осындай 
сервистерде ұсынылуыңыз туралы алаңдауыңыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет