Бизнеске кіріспе


Тиімді лендингтің негізгі компоненттері



Pdf көрінісі
бет89/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

Тиімді лендингтің негізгі компоненттері
: 1. Басты тақырып; 2. 
Қосымша тақырып (тақырыпша); 3. БСҰ (бірегей сауда ұсынысы); 4. 
Сенім индикаторлары (статистикалық деректер, клиенттердің логотиптері, 
клиенттердің нақты пікірлері, құпиялылық саясаты); 5. Іс-әрекетке 
шақырудың негізгі түймесі; 6. Іс-әрекетке екінші дәрежелі шақыру; 7. 
Навигациялық мәзірдің болмауы; 8. Бейнелер, видео; 9. Қамту түрі, лид-
форма. 
Лендинг пейдж
– бизнес үшін серіппе болып табылады. Лендинг 
пейдж сатып алушыға сауда ұсынысының мәнін қысқа да нұсқа етіп 
түсіндіре алатындай және оларды өнімді сатып алуға шабыттандыра 
алатындай етіп жобаланады:
1. Лендингтер фразалық/жарнамалық сәйкестікке ие болады, яғни 
сіздің хабарландыруыңыздың тақырыбы қондырма беттің тақырыбына сай 
болады. Бұл фактор келушілер үшін олардың қажетті бетке кіргенінің 
айқын дәлелі болып табылады
2. 1:1 назар аудару коэффициенті. Бұл беттегі шертілген элементтер 
саны бет мақсаттарының санына тең екенін білдіреді. Мінсіз лендинг тек 
бір мақсатқа жетуді көздеуі керек. Мақсатты іс-әрекетке қатысы жоқ кез 
келген элемент келушінің назарын алаңдатушы ретінде танылады. 
Іздеуді оңтайландыру
(ағылш. search engine optimization, SEO)
– 
пайдаланушылардың белгілі бір сұраулары бойынша іздеу жүйелерін беру 
нәтижелерінде сайттың ұстанымдарын жоғарылатуға арналған ішкі және 
сыртқы оңтайландыру бойынша шаралар кешені. 
Пайдаланушылар іздегішке белгілі бір сұрау салған кезде, олар 
әдетте іздеудің бірінші бетін ғана қарайды, көбінесе – алғашқы бес 
ұстаным. Егер сіздің негізгі онлайн жылжыту арнасы – веб-сайт болса, ол 
осы бірінші бес ұстанымда болуы керек.
Ол үшін бірнеше құралдар бар. 


141 
Олардың бірі – сілтемелік массаны өсіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет