135
тұтынушы, жеткізуші, бәсекелес туралы мәлеметтер;
сәйкес салаға байланысты ноу-хау, патент, лицензия жөніндегі
ақпараттар;
бизнестің мүдделерін қозғайтын сыртқы ортадағы өзгерістерді
сипаттайтын басқа да мәліметтер.
Сапалы басқару шешімін қабылдау үшін
ақпараттың берілген
қасиеттері болуы және белгілі талаптарға сәйкес келуі тиіс. Бизнестегі
ақпаратқа қойылатын талаптарды екі негізгі бағытқа бөлуге болады:
мақсаты және сапа бойынша.
9-суретте
көрсетілгендей, ақпараттың мақсатқа бағыттылығы оның
құндылығымен және уақытында түсуімен, ал
сапасы- дәлдігі,
нақтылықпен және жаңалықпен анықталады.
9 сурет. Ақпаратқа қойылатын негізгі талаптар
Сапалы басқарушылық шешім қабылдау үшін
ақпараттың өзіне
қойылатын талаптардан басқа, осы процеске
қатысушы қызметкерлердің
де белгілі бір талаптарды орындауы қажет екенін ерекше атап өткен жөн.
Олардың негізі ақпараттық мәдениет болып табылады, оны игеру бизнесте
өте маңызды және қажетті іс болып табылады.
136
Бизнестегі оңтайлы ақпараттық мәдениет келесі талаптарға сай
болуы керек:
неғұрлым ұтымды ұйымдастырылған ақпарат алмасуды
ұйымдастыру;
ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру үшін
қажетті және
жеткілікті жағдайлар жасау;
барлық абоненттер үшін қажетті
және жеткілікті мәліметтер
көлемін қамтамасыз ету;
персоналды ақпараттық мәдениет негіздерін меңгеру:
жалпы
мәдениеттің болуы;
қажетті ақпаратты табу және тиімді өңдеу қабілеті;
компьютерлік сауаттылық және ақпараттық технологияларды
білу;
коммутациялық
тәсілдерді меңгеру, байланысқа бейімділік
(коммуникабельность);
іскерлік және кәсіби этикетті білу.
Достарыңызбен бөлісу: