Бизнеске кіріспе


Интернет маркетинг арналарының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет93/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

Интернет маркетинг арналарының ерекшеліктері
Ал енді біз Интернет-маркетингтің ерекшеліктерін қарастырамыз. 
Бұл ретте, жылжыту әдістерінің әрқайсысының өз өзгешеліктері 
болатынын және кәсіпкерліктің әр түрлі түрлері үшін тиімділігі де 
әрқалай болатынын ескеру қажет.
1.
 
Талдау мүмкіндігі 
Онлайн арналардың жақсы жағы – олардың әсерін талдауға болады. 
Офлайнда бұл қиын – көшедегі билбордтағы баннерді қанша адам 
көргенін, газетті қанша адам оқығанын және т.б. түсіну қиын. Онлайн 
арналар айырбастауды қадағалауға мүмкіндік береді.
Интернет-маркетингтегі айырбастау 
сайтта қандай да бір 
мақсаттық 
іс-әрекеттерді 
орындаған 
(жарнама 
берушілердің, 


145 
сатушылардың, контент жасаушылардың жасырын немесе тікелей 
нұсқауы – сатып алу, тіркеу, жазылу, сайттың белгілі бір бетіне бару, 
жарнамалық сілтеме бойынша өту) сайтқа кірушілердің санының 
пайызбен көрсетілген сайтқа кірушілердің жалпы санына ара қатынасы. 
Мысалы: сізде қандай да бір өнімді сататын интернет-дүкен бар. Мысалы, 
тәулігіне оған 500 бірегей қараушылар кіреді. Осы тәулік ішінде дүкенде 7 
түрлі сатып алу жасалады. Бұл жағдайда келушілер мен сатып 
алушылардың айырбастау пайызы (7 сатып алу/500 келушілер)х100 =1,4% 
тең. Табысты айырбастауды сатушылар, жарнама берушілер немесе 
контентті жеткізушілер әр түрлі түсіндіреді. Мысалы, сатушы үшін 
табысты айырбастау тиісті жарнамалық баннерге басу арқылы өнімге 
қызыққан тұтынушының сатып алу операциясын білдіреді. Контентті 
жеткізуші үшін табысты айырбастау келушілерді сайтта тіркеу, пошталық 
таратуға жазылу, бағдарламалық қамтамасыз етуді жүктеу немесе 
келушілерден күтілетін басқа да іс-әрекеттер болуы мүмкін. Сондай-ақ, 
онлайн-коммуникациялар CTR қадағалауға мүмкіндік береді. 
CTR
(ағылш. click-through rate – «қарау көрсеткіші») – интернет 
маркетингтегі 
метрика. 
CTR 
баннерді 
немесе 
жарнамалық 
хабарландыруды қарау санының көрсетілімдер санына қатынасы ретінде 
анықталады, пайызбен өлшенеді. 
CTR есептеу формуласы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет