Бизнеске кіріспе


Мүмкіндіктер түріндегі қауіптер



Pdf көрінісі
бет109/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

Мүмкіндіктер түріндегі қауіптер.
Кәсіпорынның әрбір өткізу 
мүмкіндігі бизнестің сыртқы ортасында пайда болады. Өткізу 
мүмкіндіктері әлеуметтік, технологиялық, бәсекелестік, заңнамалық
саяси, этикалық, экономикалық немесе физикалық орта өзгерген кезде 
туындайды.
Жиі мұндай өзгерістер ұйымның алдында пайда болатын 
қауіп түрінде қарастырылады, бірақ өнертапқыштық маркетолог кейде 
әлеуетті қауіпті өткізу мүмкіндігіне айналдыруы мүмкін 
Теріс күштер ретіндегі қауіптер.
Мінсіз жағдайда қауіп өткізу 
мүмкіндігіне айналуы мүмкін.
Алайда, мұндай трансформацияны орындау 
әрдайым мүмкін емес, өйткені кейбір қауіптер кәсіпорынның істерін 
табысты жүргізуге әсер ететін күш болуы мүмкін. Шын мәнінде, кейбір 
қауіп-қатерлер соншалықты қуатты теріс күштер болуы мүмкін, бұл 
белгілі бір нарықта операцияларды тоқтату немесе онда іс жүргізуден бас 
тарту ең тиімді стратегия болуы мүмкін. 
Теріс күштер ретінде қауіптің төрт түрі қарастырылуы тиіс. Ең 
алдымен бұл кәсіпорын мақсатын табысты орындауға кедергі келтіретін 
қауіп. Мысалы, компания жаңа тауарды жобалауды жүзеге асырады, 
сынақ партиясын шығарады, ал елде халықтың сатып алу қабілетін күрт 
төмендететін экономикалық дағдарыс басталады. Тіпті егер кәсіпорын 


170
жаңа тауарды әзірлеуді сәтті аяқтаса да, оның жаңа өнімді өткізу 
стратегиясын іс жүзінде қолдануға мүмкіндігі болмайды. 
Қауіптің келесі түрі кәсіпорын стратегиясын орындауға байланысты 
тәуекел деңгейін арттыратын теріс күш болуы мүмкін. Қауіптің үшінші 
түрі стратегияны орындау үшін қажетті ресурстар деңгейін арттыру қажет 
болған жағдайда туындайды (шикізат қымбаттады). Қауіптің төртінші түрі 
кірістілікті төмендетеді немесе күтілетін қаржылық көрсеткіштерді 
нашарлатады. 
10.2. Бизнестің даму кезеңдері 
 
Әлемдік, сондай-ақ қазақстандық экономикалық тәжірибе бизнес 
ретсіз емес, белгілі бір ішкі заңдылықтарға сәйкес жұмыс істейді.
Нақты «іс» құрылады, дамиды, өзінің нарықтық тауашасын табады 
және жаулап алады, тұрақтанады, тоқтайды (дамымайды және 
қысқартылмайды, яғни өзгермейтін қоршаған нарықтық ортамен тепе-
теңдікте болады), мүмкін, қысқарады және ақырында, өз өмір сүруін 
тоқтатады.
Жалпы, нақты бизнестің өмір сүру циклі–құрылу, 
трансформациялау және жойылудың динамикалық процесі туралы айтуға 
болады.
Жалпы, нақты бизнестің өмір сүру циклі туралы айтқанда-құрылу, 
трансформациялау және жоюдың динамикалық процесі туралы айтуға 
болады. 
Сонымен қатар, бизнеспен айналысуы әдетте ақша қаражатын алуға 
және жұмсауға байланысты болады, олардың қозғалысы да ауыспалы 
сипатқа ие (бизнесменнің иелігіндегі деп санауға болатын бөлігінде).
Бұл 
қозғалыста қысқа мерзімді циклдар (салынған қаражаттың айналым 
циклдары) және ақша жинақтаумен байланысты неғұрлым ұзақ 
тенденциялық өзгерістер үйлеседі.
«Экономикалық өмірлік циклдің» 
аяқталуы нақты бизнесті трансформациялау немесе оны қызметтің жаңа 
өрісіне көшіру үшін жеткілікті ақша сомасының жинақталуымен үйлескен 
жағдай неғұрлым қалаулы жағдай болып табылады.
Қаржы қаражатының 
қозғалысында циклдардың сәйкес келмеуі және экономикалық цикл 


171 
сатыларының ауысуы бизнестің бұзылуына (банкроттыққа) әкеп 
соқтыратын жағдайлар да бар. 
Бизнестің өмірлік циклінің негізгі кезеңдері: «пайда болу», 
«қалыптасу», «өсу», «кемелдену» («жетілу»), «құлдырау», «жойылу» 
болып табылады. Кәсіпорынды түпкілікті модернизациялау яғни жаңарту 
арқылы оның қайтадан жоғары көтерілуіне мүмкіндік бар. Бұл-сыртқы 
және ішкі ортадағы болатын өзгерістерге байланысты болады. Әрбір кезең 
өзінің стратегиялары мен қызмет тактикаларының өңделуін талап етеді. 
Әрбір кәсіпорынды нарық талаптарына сай ыңғайлап, бәсекеге қабілетті 
тауар шығарып қана қоймай, өзінің қызмет ету позициясын, имиджін 
өзгертіп, қайтадан жарақтандыру қажет. Егер кәсіпорында мұндай процесс 
жүрмесе, онда ол өзінің қызмет ету тиімділігін төмендетіп, банкроттануға 
жақындап, қазіргі заманға сай техникамен жарақтандырылған кәсіпорынға 
орын босатуы ғана қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет