Дәрі-дәрмексіз емдеу
Режим:
· II (жұмсақ режим);
· I бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі дамыған кезде.
Диета: № 15 үстел (калория, ақуыз, көмірсулар, дәрумендер, тәулігіне 3-10 г ас тұзы жеткілікті мөлшерімен болуы керек).
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Глюкокортикостероидтар мен минералокортикоидтерді гормондарды алмастыру терапиясы жүргізілді. Доза пациенттің жағдайына және коморбидті көрінісіне байланысты өзгереді.
Негізгі дәрілік заттар тізбесі (қолдану ықтималдығы 100%)
Дәрілік топ
|
ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы
|
Қолдану тәсілі
|
Дәлелділік деңгейі
|
ГКС
|
гидрокортизон H02AB09
|
15-25 мг / тәулігіне екі немесе үш бөлінген дозаны, ең үлкен дозаны таңертең қабылдау керек, оянған кезде, келесі күні немесе күннің бірінші жартысында (түскі астан кейін 2 сағат өткен соң, дәрінің екі еселенген дозасы) немесе түскі уақытта, түстен кейін (үш еселенген дозасы)
|
А
|
Кортизон ацетаты H02AB10
|
Күніне екі немесе үш рет бөлінген дозада күніне 20-35 мг / тәулігіне, ең жоғарғы дозаны таңертең қабылдау керек, оянған кезде, келесі немесе келесі күннің бірінші жартысында (түстен кейін 2 сағат, дәрінің екі еселенген дозасы) немесе түс кезінде, дәрінің үш еселенген дозасы)
|
А
|
преднизолон Н02АВ06.
|
3-5 мг / тәулігіне, ауыз арқылы күніне бір немесе екі рет енгізіледі
|
В
|
Минералортикоидтер
|
H02AA02
флудрокортизон
|
ересектердегі 50-100 мкг бастапқы доза. Жазғы айларда тердің шығуына байланысты электролит жоғалуын өтеу үшін дозаны күніне 0,2 мг-ға дейін арттыруға болады. Терапия аясында АҚ көтерілген жағдайда гипертензияға қарсы терапияны қосып, флудкортизонды жалғастыру қажет
|
А
|
Қосымша дәрілік заттар тізбесі (қолдану ықтималдығы 100%)
Достарыңызбен бөлісу: |