Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі


Мұғалімнің жетекшілігімен жаңалық ашу



бет32/35
Дата29.05.2024
өлшемі241,65 Kb.
#202997
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
жаңартылғын білім беру лекц (3)

Мұғалімнің жетекшілігімен жаңалық ашу

бұл тәсіл индукциялық тәсіл ретінде де белгілі, ол әдіс бойынша мұғалім оқушыларға тіл бірліктерін пайдалану бойынша мысалдар келтіреді және оны пайдаланудың ережелерін өз бетінше құруға
көмектеседі.

Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым

сындарлы оқу теориясына негізделген. Оқушылар бағалау арқылы алынған ақпараттың негізінде оқудағы қажеттіліктеріне қарай келесі қадамдарды бірге орындау үшін топтарға біріктіріледі. Оқушылар мағынасын ашу, бұған дейінгі білімімен байланыстыру, жаңа түсініктер туралы сын тұрғысынан ойлау үдерістеріне тартылады. Бұл тәсіл кезіндегі мұғалімнің рөлі мұқият ойластырылған сұрақ қоя отырып, оқушыларды ойлануға жетелеп, жаңа білім алу үдерісінде қолдау көрсету болып табылады.




Оқу үдемелілігі

танымдық психологияда, оқу үдемелілігі адам қабілетіне қатысты ұғым, себебі бұл саналы жүретін және адамның еркінен тыс жүретін оқудың, сондай-ақ жаттығулардың ықпалдасуы. Оқу үдемелілігінде күрделілік деңгейі біртіндеп артып отырады:
қарапайым тапсырмалардан басталып, әр қадам сайын тапсырмалар күрделене береді.

Оқу жоспары

белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап әзірленетін құжат. Оқу жоспары белгілі бір пән аясында осы пән бойынша қамтылатын материалдардың барлығын қамтиды және онда бұл материалдарды қандай ретпен оқытуға және оқуға
болатыны ұсынылады.

Оқу мақсаты

оқу бағдарламасына сәйкес белгілі бір пән аясында оқытылатын оқушылардан күтілетін білім, дағдылар, түсінік және біліктерін
көрсететін тұжырым: мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрсе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет