Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі



бет33/35
Дата29.05.2024
өлшемі241,65 Kb.
#202997
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
жаңартылғын білім беру лекц (3)

Оқылым дағдылары

көптеген факторлар арқылы анықталатын және бастапқы жетістікке жетіп, одан кейінгі оқуын соған негіздеу үшін ерте кезден оқыту арқылы белгілі бір дағдыларды дамытуды қажет
ететін оқылым қабілеттері.

Оқытуды саралау

Әрбір оқушының жеке қабілеттеріне сәйкес нұсқауларды,
тапсырмаларды, материалдарды, әдістерді т.б. іріктеу үдерісі.

Орта мерзімді жоспарлау

белгілі бір уақыт аралығында іске асырылатын жұмыстың жеке
бөліктерін жоспарлау.

Өзара білім алуға көмектесетін диалогтік оқыту

мұғалім оқу материалын түсіндіруі, оқушының оны меңгеруі; оқушыларды проблемаларды қоюға және оны шешуге қатысуға түрткі болу; олардың білім алуын күшейту мақсатында оқу материалын дайындау және хабарлаушы әңгіме өткізудің оқу қағидаттарына негізделген реттеуші ережелер жүйесі. Негізгі функциялары: репродуктивтік сұрақтар мен арнайы жасалған проблемалық жағдаяттардың көмегімен оқу қызметінің жаңа ұғымдары мен тәсілдерін ашу; танымдық қарым-қатынасты жандандыру және оқушылардың ойлау және тәжірибелік қызметіне түрткі болу, оларда сөз сөйлей білу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру; оларға ұжыммен ойлау қызметінің тәсілдерін үйрету.
Негізгі белгілері: оқу материалы хабарлаушы әңгіме түрінде баяндалады, онда негізінен оқушыларға белгілі материал бойынша репродуктивтік сұрақтар қолданылады. Мұғалім проблемалық жағдаят тудырып, бірқатар проблемалы сұрақтар қоя алады, бірақ бұл жағдайда жаңа ұғымдар мен әрекет ету жолдарының мәнін
мұғалім түсіндіреді.

Рефлексия

(лат. reflexio – өткенге жүгіну) - субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: 1. Сананың және ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті. 2. Жаңа білім алу мақсатында білімді талдау. 3. Сана мен жанның күйін өзіндік бақылау. Педагогикада рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады. Ол кезде сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет