Жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА)
|
– Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан дағдылары, қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын, орындау үшін скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар ауқымында қалыптасатын дағдылар арасындағы оқу кезеңі. Скаффолдер рөлінде мұғалім немесе анағұрлым жақсы оқитын
сыныптастары болуы мүмкін.
|
Жиынтық бағалау
|
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқтаған соң оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы
өткізіледі
|
Инклюзивті оқыту
|
білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның
ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу.
|
Кері байланыс
|
– белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы
пікір, баға беру, жауапты реакция.
|
Критериалды бағалау
|
оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым талқысынан өткен, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті, нақты анықталған критерийлерге негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау
қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтиды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |