Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі



бет31/35
Дата29.05.2024
өлшемі241,65 Kb.
#202997
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
жаңартылғын білім беру лекц (3)

Қысқа мерзімді жоспар

мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы (сабақ жоспары). Сабақ жоспарында ненің оқытылатыны, оған қалай көмектесуге болатыны, сондай-ақ оқуды қалай саралауға болатыны
туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады.

Метатану

«Таным туралы таным» деп анықталады және өзінің ойлау қабілеттерін түйсінудің айрықша түрі. Мысалы, метатануға оқушылардың өзіндік оқу және проблемаларды шешу стратегияларын түйсінуі жатады. Алғаш рет психология ғылымына бұл ұғымды Джон Флэйвелл енгізген болатын (J.H. Flavell, 1976). Автордың айтуынша метатанудың маңызды қызметінің бірі өздерінің танымдық қызметтерінің ерекшеліктері туралы білімдерінің негізінде оқушыларға танымдық қызметтерін реттеуге
мүмкіндік беретін танымдық қызметті рефлексиялық бақылау болып табылады.

Метатану стратегиялары

білім алушының оқу үдерісін өзіндік бақылауына бағытталған басқару түріндегі әдістер (мысалы, оқу үдерісін өз бетінше жоспарлай білу, мақсат қою, өзінің оқу үдерісін бағалап, оның
мониторингін жүргізу қабілеті).

Модельдеу

1. Таным объектілерін олардың шартты модельдері негізінде зерттеу. 2. Шын мәнінде бар объектілер, үдерістер немесе құбылыстардың модельдерін құру және зерделеу. Мұндағы мақсат осы құбылыстарды түсіну, сондай-ақ зерттеушіні қызықтыратын құбылыстарды болжау. Модельдеу адамның объектілер туралы білімі мен сол объектілер арасындағы қарым-қатынасты көрсету
үшін қолданылады, оқытудағы көрнекі құралдардың бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет