мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты
қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
«Қара жәшік»
ғылым мен техника саласынан алынған метафора, онда «қара жәшік» оның ішкі құрылымы туралы ештеңе білместен, яғни оның қалай қолданылатыны айқын емес (қара), тек қана енгізу, шығару, беру сипаттамалары тұрғысынан қарастыруға болатын құрылғы, жүйе не объект ретінде қарастырылады. Кез келген затты (құбылысты) «қара жәшік» деп атауға болады: транзистор, алгоритм немесе адам санасы.
Ал педагогика ғылымында «қара жәшік ішіндегі жұмыс» деген метафора сыныпқа қатысты қолданылып, білім беру мекемесінің құрылымымен шектелген жағдайды меңзейді.
қабылдаушы адам ол хабарламаны түсінгендей етіп әңгіме барысында немесе жазбаша нысанда өз ойын білдіру қабілеті.
Құндылықтар
баянды, мызғымас негізгі ішкі қағидаттар мен стандарттар. Түйінді құндылықтар өте тұрақты болып келеді, ал өзгерсе өте баяу, әрі ұзақ уақыт бойы өзгереді. Түйінді құндылықтар біздің өмір, өзіміз және бізді қоршаған адамдар, жалпы адамдардың әлеуеті және қоршаған адамдардың әлеуеті туралы көзқарасымыздың қалыптасуына негіз болады. Сондай-ақ құндылықтар дегеніміз біздің сенетін дүниеміз, олар біздің қоршаған ортаға деген қарым-
қатынасымызды және мінез-құлқымызды анықтайды.