Бұл курстық жұмыста көптеген әдебиеттер қолданылған. Ол дегеніміз газеттер, журналдар және кітаптар


тарау. «Уркер косметикс» ПКФ-нің инновациялық қызметін талдау



бет4/8
Дата06.02.2022
өлшемі42,01 Kb.
#79723
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 апта

2 тарау. «Уркер косметикс» ПКФ-нің инновациялық қызметін талдау.
2.1. «Уркер косметикс» ПКФ-нің жалпы сипаттамасы.
«Уркер косметикс» парфюмерия – косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығарушы кәсіпорын болып табылады. Қазақстан нарығында 1993 жылдан бастап қызмет етуде. Кәсіпорынның негізгі бизнесті парфюмерлі косметикалық өнімдерді шығару мен өткезу. Бұл косметикалық өнімдерге: су сабын, крем, балаларға арналған косметикалық өнімдер, тазалық заттары соымен қатар тұрмыстық химия өнімдері жатады.
Кәсіпорында 4500 адам жұмыс істейді. «Уркер косметикс» Қазақстан нарығында 1993 жылдан бастап жұмыс істегендіктен, химиялық шикізат шығарытын халықаралық масштабтағы лидермен, шикізатты, жеткізуші шетел фирмаларымен ұзақ мерзімді келісімдерге көп отырған. Оларға келесі фирмаларды жатғызуға болады: Cleariant, Asko Nobel, Bopelins, Goldsmidt (Германия), Floresans, Reno Fils (Франция), Pradoko (Австрия), Eurocompound (Бельгия), Bauer, Irlan Aticet (Турция), Olbright Vilsan (Ұлыбритания), Zohar (Израиль), IFF, Jar (Нидерланды), Tuba Ambalasa (Словакия).
Кәсіпорын 1995 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында өз бөлімшелерін ашқан. Осы бөлімшелердегі тармақталған дистрибьторлық тор кәсіпорында шығарылған өнімнің 77% өткізіп отыр.
«Уркер косметикс» ПКФ бірдей технологиялық жүйемен қамтылған өндірістік кешен. Ол сапа стандарттарына сай кең ассортименттегі барлық косметика өнімдерін шығара алады. Кәсіпорынның келесі құрылыспен қамтылған:

  • өндірістік және қосымша корпус;

  • әкімшілік корпус;

  • қоймалық шаруашылық;

  • транспорттық блок;

  • локальді – тазалағыш құрылыс;

  • тереңдік бұрғыма;

  • насостық станция;

  • жылжыту пештарі;

  • буландыру пештері.

Өндірістік корпуста полимерлік ыдыс, тұрмыстық химия, ваннаға арналған паста, коскетикалық кремдер, су сабын, геьдерді шығаруға арналған бөлімшелер бар. Косметикалық өнімдерді өндіру үшін қазіргі заманғы – технология мен батыс елдердің комьютерленген желілермен, автоматтармен жабдықталған. Кәсіпорын жұмысын талдау кезінде өнім сату көлемінің өскендігін бақылауға болады. Оның себебі көп көңіл бөлінді. Тұтынушыларға қызмет көрсетудің Van Sell жүйесінен аралас Van Sell жүйесіне және жекелеген аймақтарда Press Sell жүйесін енгізу 30 мөлшерде сауда нүктелері көбейді. Сонымен қатар бұл жүйені енгізгеннен кейін өнімді өткізуде кететін шығындар 19% — дан 16% — төмендеді.
Қазіргі кезде компания ассортименті 4 өнімдік желіден тұрады:

  1. Су сабын

  2. Тіс пастасы

  3. Кремдер

  4. тұрмыстық химия

Белсенді жарнама жүргізу мен ассортиментті дамытудың есебінен сату көлемін ұлғайту көзделеді.
2002 жылы ассортименттік саясатты жүзеге асырғандықтан ол мұндай мүмкіндіктерді береді:

  1. Магия природы су сабынын модернизациялау;

  2. 2002 жылдың мамырында жаңа Wear Black су сабынын нарыққа шығару;

  3. Сошеттерде су сабынды шығару 2002 жылы сы сабынды сату көлемін айына 14 млн. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік берді.

2001 жылы тұрмыстық химия құрамында 3 ассортименттік тон болды. Олар:

  1. Ағартқыштар

  2. Су жуғыш заттар

  3. Тазалаушы ұнтақтар

Ал 2002 жылы ассортимент 5 топқа жетті. Олар:

  1. Ағартқыштар

  2. Су жуғыш заттар

  3. Тазалаушы ұнтақтар

  4. Кір жуғыш ұнтақтар

  5. Ыдыс жууға арналған гель

Өнімдерді өткізудегі 1 айдағы нарықтық потенциалдық сыйымдылығы: су сабын – 5 млн. дана, тіс пастасы – 4 млн. дана, кремдер – 2 млн. дана, тұрмыстық химия – 10 млн. дана. Шығарылған өнімді сатумен аймақтың сату бөлімшесі айналысады. Бұл бөлімшелердің барлығы 1 ақпараттық компьютерлік тормен біріктірілген. Қазақстан республикасы бойынша сауда сайын 7560 көтерме бөлшек саудасының сауда нүктелері бар.
Кесте – 1. “Уркер космитикс” ПКФ-ң технико – экономикалық көрсеткіштері (2002 – 2003 жж)
Кестені қарастырсақ 2 жылдағы мәліметтер арасында біршама айырмашылықтар бар екенін байқаймыз. Енді сол өзгерістердің себебін анықтап, талдап көрейік.
Өткізілген өнімнен түскен табыс 2002 жылы 1384460 теңгені құраса, 2003 жылы 1528420 теңгеге көтерілген. Оның себебі 2003 жылы нарыққа жаңа тауарларшығарылды, яғни тауар ассортиментінің көбеюі есебінен өткізілген өнімнен түскен табыс көбейіп отыр.
Өткізілген өнімнің өзіндік құны базалық жылы 879620 теңге болса, есепті жылы 685310 теңгеге дейін төмендеді. Өзіндік құнның төмендеуінің себебі жаңа технологияны қолданудан болған. Сонымен қатар, шикізатқа деген шығындардың азаюы да себепші болып отыр.
Жалпы табыс 2002 жылы 704840 теңге болса, 2003 жылы 843110 теңгеге жеткен. Базалық жылмен салыстырғанда 1,9 есе өскен. Жалпы табыстың өсуінің себебі өнімді шығаруға кеткен шығындар азайып, өткізілген өнімнен түскен табыс өсіп отыр.
Кезең шығындарына тоқталатын болсақ бұл есепті жылы шығындар 965770 теіге болса, базалық жылы 363030 теңгеге төмен болған. Оның себебі есепті жылы жалпы және әкімшілік шығындар және пайыздар бойынша шығындар өсті.
Негізгі қызметтен түскен пайда. Бұл көрсеткіш бойынша есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда пайда 1,9 есе өсіп отыр. Бұл өсу жолы табыстың өсуі есебінен болып отыр.
Таза табыс. Кестеден көріп отырғандай базалық жылмен салыстырғанда есепті жылы таза табыс 1,1 есе өсіп отыр. Бұның негізгі себебі өткізілген өнімнен түскен табыс пен жалпы табыс 2003 жылы өсіп отыр.
Негізгі қордың орташа құны. Бұл көрсеткіштің сомасы 2002 жылы 1838790 теңге болса, ал 2003 жылы бұл сома 1785880 теңгеге дейін төмендеді. Ауытқу 52910 теңгені құрап отыр. Көрсеткіш сапасының бұлай ауытқуының себебі есепті жылы іске жарамай қалған негізгі қорларды есептен шығарудың салдары, яғни жарамай қалған ескірген техникалар өндірістен алынып тасталынды.
Қор қайтарымдылығы. Базалық жылы бұл көрсеткіш 1,75 болса, есепті жылы 1,85-ке өсіп отыр. Бұл жердегі ауытқу 0,1-ге тең болып отыр. Бұл ауытқудың негізгі себебі өткізілген өнімнен түскен табыс өсіп отыр.
Қор сыйымдылығы. 2002 жылы бұл көрсеткіш 2,3 болса, 2003 жылы 2,16-ға дейін төмендеп отыр. Бұл көрсеткішке де негізгі қорлардың орташа құны мен өткізілген өнімнен түскен табыс әсер етіп отыр. Кестеден көріп отырғанымыздай негізгі қорлардың орташа құны базалық жылы есепті жылмен салыстырғанда төмендеп отыр. Қор сыйымдылығының төмендеуіне осы себепші болып отыр.
Қызметкерлердің тізімдік саны. Базалық жылы қызметкерлердің саны 3970теңге болса, есепті жылы 530 адамға өсіп, 4500 адамды құрады. Бұның себебі өнімнің жаңа түрін шығаруға жоғары маманданған қызметкерлер керек болды.
Еңбек ақы қоры. 2002 жылы 396400 теңге болса, 2003 жылы 517300 теңгеге дейін көтерілді. Бұның себебі кәсіпорында жұмысшылардың көбеюінің есебінен болып отыр.
1 жұмысшыға деген орташа айлық еңбек ақы мөлшері. Ол 82820 теңге болса, 2003 жылы 95790 теңгеге жетті. Яғни орташа еңбек ақы мөлшері 12790 теңгеге өсті. Бұған кәсіпорындағы ынталандыру жұмыстары көп тигізді, яғни жұмысты жақсы істеген қызметкерлерге жалақы деңгейін біршама өсірді.
Еңбек өнімділігі. Базалық жылы бұл көрсеткіш 384,7 болса, есепті жылы 339,6-ға дейін төмендеді. Бұл жұмысшылардың көбеюі есебінен болып отыр.
Сату рентабельділігі. 2002 жылы бұл көрсеткіш 1,57-ге тең болса, 2003 жылы 1,12-ге дейін төмендеді. Оның басты себебі өткізілген өнімнің өзіндік құнының төмендеуімен байланысты.
Өнімнің рентабельділігі. Базалық жылы бұл көрсеткіш 1,36-ға тең болса, есепті жылы 1,44-ке дейін көтерілді. Көрсеткіштің мұндай өзгеруіне әсер еткен факторларға жалпы табыстың 2003 жылы өсуін жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет