Қорытынды Сонымен, бұл курстық жұмыста көптеген мәселелер қарастырылды.
1-ші тарауда инновация терминінің анықтамасы беріліп, оның түрлері мен формаларын білу кәсіпкерге өзінің ісін дұрыс істеуге, сонымен қатар экономикалық шешімдерді тиімді қабылдауға мүмкіндік беретіндігі көрсетілген.
2-ші тарауда «Уркер косметикс» кәсіпорынының қаржылық, техника – экономикалық жағдайына талдау жасалынып, оның тиімді жақтары қарастырылды. Өткен жылы «Уркер косметикс» кәсіпорыны үшін айтарлықтай тұрақты болды. Олар республикада болып жатқан әлеуметтік – экономикалық даму өзгерістерінің ырғақтарына қарай өздерінің ассортименттік мүмкіншіліктерін көбейтті.
2003 жылы кәсіпорынның қызмет көрсету әрекеті – жалпыға бірдейлік, тиімділік, тұтынушылар талабын барынша қанағаттандыру сияқты принциптер арқылы жүзеге асырылды. Есепті кезеңде сандық және сапалық көрсеткіштерді арттыру жөнінде алға қойылған міндеттер мен шаралардың үлкен бөлігі іске асырылды. Бұдан әрі әуелсіз аудитор есебімен бірге ұсынылып отырған есептік «Уркер косметикс» кәсіпорынының қызметінің қаншалықты жеткілікті болғанын және қандай нәтижеге қол жеткізгенін көрсетеді.
3-ші тарауда кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудың жолдары көрсетілген. Мұнда шет елдердің инновациялық тәжірибесі туралы және де «Уркер косметикс» кәсіпорынының инновациялық қызметін дамытудағы ұсыныстар жайлы айтылған.
Ғылыми – техникалық потенциал кез –келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы және осыны ескере отырып мемлекет 2003 -2015 жылдарға арналған индустриялық – инновациялық бағдарламаны жасады. Бағдарлама республиканың инновациялық дамуының ұзақ мерзімді кезеңге арналған мақсаты мен міндеттерін айқындайды және жыл сайын ұлттық әлеуметтік – экономикалық басымдылықтарға сүйене отырып нақтыланатын және түзелінетін болады.
Республикада қолайлы инновациялық ахуал жасау. Қазақстаннығ әлеуметтік бағдарланған және нарықтық экономикасы дамыған жоғары индустриялы қоғамға айналуының базалық факторы болады.