Бұл курстық жұмыста көптеген әдебиеттер қолданылған. Ол дегеніміз газеттер, журналдар және кітаптар


 тарау. Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны



бет2/8
Дата06.02.2022
өлшемі42,01 Kb.
#79723
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 апта

тарау. Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны.
1.1. Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі — бұл жаңа немесе өнімнің жақсартуы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми – техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:

  • өнімділік;

  • үдерістік;

Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделінеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Процестік инновация — бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталынады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірілік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірілік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:

  • жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми – зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;

  • өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдың қажетті түрлерін таңдап алу;

  • жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;

  • қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техникалық үлгілерін енгізу;

  • жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық — басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;

  • қажетті ақпараттық ресустарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;

  • қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;

  • инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.

Жаңалықтардың енуін, талдануын, құрылуын қамтамасыз ететін басқарушылық, технологиялық және экономикалық әдістердің бірігуі кәсіпорынның инновациялық қызметін құрайды. Оның мақсаты – басқа фирмалармен бәсекелестігін жоғарылату және өндіру мен сату рентабельділігін жоғарлату.
Кәсіпорын инновациялық қызметте үлкен нәтижелілікке жету үшін белгілі бір объектіге негізделінуі керек және де ішкі және сыртқы орта факторларын ескеруі қажет. Ол үшін инновациялардың толық классификациясын, олардың қасиеттерін және де қаражаттану көздерін білу керек. Кәсіпорын қызметінің объекті ретіндегі инновациялардың классификациясы 1-кестеде толығымен көрсетілген. Жаңалықтардың мінездемесінің бірден – бір көрсеткіштері болып олардың абсолютті және қатысты жаңалығы, басымдылығы мен прогрессивтілігі, унификация мен стандартизация деңгейі, бәсекелестігі, шаруашылықтың жаңа талаптарына сай болуы, модернизацияға бейімділігі, экономикалық эффективтілігінің көрсеткіштері, экологиялық қауіпсіздік және бағы басқа сайып келгенде, бұл көрсеткіштердің барлығын жаңалықтардың технико – ұйымдастырушылық деңгейінің және бәсекелестігінің көрсеткіштері деп атауға болады. Олардың маңыздылығы осы факторлардың кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелеріне әсер ету дәрижесіне байланысты болып келеді.
Инновациялық қызметтің мотивтері болып сыртқы және ішкі факторлар саналады. Сыртқы мотивтері:

  • шаруашылықтың жаңа талаптарына кәсіпорынның бейімделуі;

  • салық, несие – ақша және қаржы саясатындағы өзгерістер;

  • сату нарығын жетілдіру мен динамикалау;

  • бәсекелестерді активизациялау;

  • конъюнктуралық тербелістер;

  • құрылымдық салалық өзгерістер;

  • жаңа арзан ресустарлдың пайда болуы, өндіріс факторлар нарығының кеңеюі демек, сұраныстың қысымы, және тағы басқа.

Инновациялық қызметтің ішкі мотивтеріне келесілер жатады:

  • сатудың көлемін ұлғайтуға ұмтылу;

  • нарық бөлігінің кеңеюі, жаңа нарықтарға көшу;

  • фирма бәсекелестігін жақсарту;

  • кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі және қаржылық тұрақтылығы;

  • ұзақ уақыт кезеңінде пайданы өсіру.

Мазмұны бойынша
· Тауарлар
· Қызметтер
· Техникалық
· Ұйымдастырушылық
· Экономикалық
· Экологиялық
· Ақпараттық

Өңдеу мен тарату деңгейі бойынша
· Мемлекеттік
· Республикалық
· Регионалды
· Салалық
· Корпоративтік
· Фирмалық

Жаңалық дәрежесі бойынша
· Абсолютті
· Салыстырмалы
· Шартты
· Жеке

Өңдеу мен тарату сфераларына байланысты
· Өндірістік
· Қаржылық
· Қызмет көрсету
· Сату делдалдық
· Білімдік – педогогикалық
· Құқықтық

Инновациялық потенциалы бойынша
· Радикалды
· Шоғырланған
· Модивикациялық

Қаражаттандыру көздеріне байланысты
· Өз қаржылары
· Тікелей бюджеттік
· Қаржыландыру
· Тартылған қаражат
· Заемдық қаражаттар

Инновациялық потенциалы ерекшеліктеріне байланысты
· Ұйым ішіндегі
· Ұйым аралық




Инновациялық процестің этаптарының ұзақтылығына байланысты




1-кесте. Инновациялар мен инновациялық процестердің классификациялық белгілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет