Бұл курстық жұмыста көптеген әдебиеттер қолданылған. Ол дегеніміз газеттер, журналдар және кітаптар


Кәсіпорынның инновациялық қызметі



бет5/8
Дата06.02.2022
өлшемі42,01 Kb.
#79723
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 апта

2.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметі
Ғылыми – техникалық потенцаил кез –келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық дамуыдың, көркеюдің негізгі жолы — ғылыми – техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми – техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатады. Сондықтан да бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми – техникалық және инновациялық саясат ғылыми – техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Бұл бүкіл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі мақсаты.
Қазір Қазақстан Республикасының ғылыми – техникалық зерттеулері мен инновациялық саясаты кризистік жағдпйда. Бірақ сол қиындықтаға қармастан Қазақстан кәсіпкерлері шетел жаңалықтары мен ғылыми – техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғары қарқынмен қызметтеріне енгізіліп келеді. Әрине бұл инновациялар халықаралық технологиялық деңгейде көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми – техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күн жаңалықтары. Сондықтан да шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық Ғылыми – техникалық потенцаилымыздың дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек.
Негізінен инновациялық қызмет жаңа шаруашылық аймақтық құрылымдарды (технопарктерді, бизнес инкубаторларды, аймақтық инновациялық қорларды, венчурлық фирмаларды) дамытуға, бұрын құрылған шаруашылық субъектілер арасындағы өзара байланыстарды трансформациялауға, бақару технологияларын дамытуға көмектеседі.
Кәсіпорындармен жалпы Республиканың инновациялық қызметін дамытуға келсек, мемлекеттің 2003 -2015 жылдарға арналған индустриялық инновациялық бағдарламасын айтып кетпеуге болмайды. Бағдарлама мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

  1. экономиканың жоғары технологиялық шикізаттық емес секторларын қалыптастыру;

  2. инновациялық қызметті мемлекеттік ресурстық қолдау;

  3. өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуды жүргізу және экспортқа бағытталған ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру;

  4. ғылыми – инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;

  5. шығын кәсіпкерлік субъектілерін инновациялық қызметке тарту;

  6. салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру;

  7. инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалаптастыру;

  8. неғұрлым перспективалы ғылыми бағыттарды сақтау және дамыту;

  9. инновациялық кәсіпорындар үшін мамандарды даярлау;

  10. халықарлық ғылыми – техникалық ынтымақтастықты дамыту.

Осы жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру арқылы ғана мемлекетіміздің, кәсіпорындарымыздың инновациялық қызметін дамытуға болады.
Ал «Уркер косметикс» ПКФ-ның инновациялық қызметіне келсек, кәсіпорында 2003 жылы жаңа технологиялар енгізілген болатын. Осы негізінде тауарлар ассортиментін көбейтуге, олардың сапасын жақсартуға, тауарлардың өзіндік құнын төмендетуге және де жалпы жоғары пайда алуға мүмкіндік туды.
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік – бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолы мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып типін игерген кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдылыққа ие болады.
Жоғарыда айтып кеткедей «Уркер косметикс» порфюмерия –косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығарушы кәсіпорыны болып табылады. Оның негізгі бизнес парфюмерлі косметикалық өнімдерді шығару мен өткізу «Уркер косметикс» ПКФ-ның басты мақсаты – сапалы өнім шығарып, оны өткізу арқылы жоғары пайда табу. Ол үшін олар өздерін қазіргі заманға сай техникамен технологиясымен қамтамасыз ету керек.
«Уркер косметикс» порфюмерия –косметикалық фабрикасы американдық технология негізінде жұмыс істейді. Осы технологияларды қолдану арқылы кәсіпорын өз жұмысын тоқтатпауға және осы мақсатқа жету үшін, өнімдердің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуге, нарық экономикасының қатаң талаптарына қарсы тұруға мүмкіншілік алды. Нарықтық қатынастарға көшу кезінде инновациядан бас тартып, ескірген өндірістік әдіс-тәсілдерге және өнімге сүйеніп жұмыс жасайтын кәсіорындар нарықта нықтап тұра алмайды. Инновациялар айналымды жоғарлатуда шешуші рөл атқарады, бұл кәсіпорын қызметінің нәтижесін жақсартудың бірден – бір жолы. Мысалы, 1588 жылы неміс фирмасы «Байерн» 50% айналымы және 70 % пайдасы соңғы жылдары енгізілген өнімдер мен өндірістік әдіс-тәсілдер арқасында болды.
«Уркер косметикс» кәсіпорыны жаңа техника мен технологияны енгізу арқылы өнімдерін күннен күге көбейтіп, түрлендіріп және сапасын айтарлықтай жақсартып отыр. Бәсекелестік жоғары деңгейде дамыған тек саплы өнімдер, материалдар мен механизмдер шығару арқылы, сонымен қатар арзан өндірістік әдістер қолдану арқылы нарықта ұзақ уақыт өмір сүріп отыр.
Сәтті немесе табысты инновациялық самат тек қана күрделі қаржының болмауымен шектелмейді. Мүмкіншілігіне кәсіпорын осы қаражаттарды алдына қойған мақсатқа жету үшін тиімді пайдалану керек. Ол үшін нарық процестерді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау жүргізіп, сонымен қатар оның кәсіпорынның басқы функциялармен байланысын қамтамысыз ету қажет.
Инновацияларды енгізу арқылы жоғры пайда алуға болады. «Уркер косметикс» кәсіпорынына 2003 жылы жаңа технологиялар енгізген болатын. Осы негізде тауарлар ассортименті көбейтуге, олардың сапасын жақсартуға, тауарлардың өзіндік құнын төмендетуге және де жалпы жоғары пайда алуға мүмкіндік туды. 2002 жылы саметтерде су сабындарды шығару арқылы сату келісімі айына 14 млн.тг ұлғайды.
Косметикалық өнімдерді өніру үшін қазіргі заманғы технологиямен батыс елдерінің компьютерлык желелері, автоматтары қолданылады. Кәсіпорын жұмысын тадлдау кезінде өнім сату көлемінің өскендігін байқауға болады. Оның себебі осы жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Тұтынушыларға қызмет көрсетудің Van Sell жүйесінен аралас Van Sell жүйесіне және жекелеген аймақтарда Press Sell жүйесін енгізу 30 мөлшерде сауда нүктелері көбейді. Сонымен қатар бұл жүйені енгізгеннен кейін өнімді өткізуде кететін шығындар 19% — дан 16% — төмендеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет