І.2. Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі. Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметтің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірнші кезегінде – жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттілігін дәстүрлі қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тиімділігі.
Техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың ғылыми — зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық – ұйымдасыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейіде байқалады: еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділгі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресустарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыда аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштер мен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдалынылады.
Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқыдылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу – ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады. Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;
Екінші кезең – бұл қаржыландыру мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші кезең – Бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.
Жалпы түрінде ғылыми – техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік.
Экономикалық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.
Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпорында ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы.
Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техника мен технологияны ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.
Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықты материалдық және мәдени – тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанғаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету және тағы басқа.
Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми – техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.
Қандай да кәсіпорын болмасын жаңа техника мен технология енгізгенде белгілі бір шығындарға ұшырайды. Жаңа техниканы енгізуге кеткен шығындар дегенімізде капиталдық енгізілімдердің, айнымалы қорлардың және адам еңбегінің қосындысын айтамыз. Экономикалық эффект келесі формула арқылы табылады:
Э=Р- З
Мұндағы, Э — айырысу кезеңіде жаңа техниканы енгізуден болған экономикалық эффект тг;
Р — айырысу кезеңіндегі жаңалықтардың құндық бағасының нәтижесі тг;
З — айырысу кезеңінде жаңа техника мен технологияны енгізуге және тағы басқа сол сияқты жұмыстарға кеткен шығындарға құндық баға беру тг.
Жаңалықтарды енгізудегі бүкіл кезеңі бойынша әр уақытағы шығындарды келесідей формула арқылы есептейміз:
Р=Рa
Мұндағы, Р — t жылуындағы құндық баға; a – шығындар көрсетілімінің коэффициенті.
Келесі жылдардың шығындары мен капиталдық енгізілімдердің вариант бойынша уақыт факторын ескере отырып есептеу керек. Ол шығындар көрсетілімінің коэффициенті:
a=(1+Е)
Мұндағы, t – шығындар көрсетілімдердің коэффициенті; Е — әр көлемдегі шығындардың қабылданған нормативі; Т – шығындар жылы мен нәтижелі жылын бір- бірінен айырылатын уақыт аралығы.
Сонымен, қорыта келе инновация :
Техникалар мен технологиялардың ауысымын қамтамасыз етуге байланысты экономикаға қаржы жұмсау;
Ғылыми – техникалық прогрестің жетістігі нәтижесіндегі жаңа техника және технология екенін білдік. Инновацияны анықтайтын фактор – ол өнертапқыштық, оңтайландыру, ірі жаңалықтарды жарыққа шығару болып табылады.
Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция арқылы жаңа құрылыстар салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құруды қамтамасыз етеді.
Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жеке меншігіндегі қаржысынан және қарыз қаражатынан құралады. Инновациялық менеджмент банк несиесі, бағалы қағаздар, ақша нарығына сүйеніп іс жасайды, инвестицияны қатыстыра отырып, өндірістік жаңа енгізілімін жүзеге асырады.
Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатыныстардың тиімділігін белгілеу: өндірістік субъектісімен, инвесторлармен (тапсырыс беруші), жұмыс атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалу жөніндегі қызметін үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе – оның нәтижелілігін бағалау.
Инновациялардың өмірлік циклі дегеніміз жаңалықтарды құрудың стадиялары мен процестері. Инновациялардың өмірлік циклі дегенді ойдың туумен сол негізінде пайда болған инновациялық өнім уақыт аралығын айтамыз.
Инновациялардың өмірлік циклі туралы мәлеметті 2 кестеден көреге болады.