Бұл курстық жұмыста көптеген әдебиеттер қолданылған. Ол дегеніміз газеттер, журналдар және кітаптар


Тарау. Кәсіпорында инновациялық қызметті дамыту жолдары



бет6/8
Дата06.02.2022
өлшемі42,01 Kb.
#79723
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 апта

3 Тарау. Кәсіпорында инновациялық қызметті дамыту жолдары.
3.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы шетелдік озық тәжірибелерді қолдану.
Дамыған елдер тәжірибесі көрсетуінше, экономикалық дамудың негізгі гаранты – ғылыми – техникалық салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтан да 80 жылдардан бастап барлық алдыңғы қатардағыелдер белсенді ғылыми – техникалық саясат жүргізе бастады. Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму процесі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлі және басқа да ғылым дәрижелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде.
Қазіргі күнде барлық елдерде ірі көлемді ғылыми – техникалық саясаттар жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл — өнеркәсіпке жаңалықтар мен инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми – техникалық дамудың ірі және жеке бөлімдерін қолдау. Барлық елдерде ғылыми – техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған, бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік құқық, акт. Үкімдер бойынша жүзеге асырылады.
Өткен ғасырдың соңғы он жылдыңғында Қазақстанның ғылыми – техникалық потенцаилы қиындықтар мен қақтығыстарға ұшырады. Тек 1999 жылдан бастап қана ғылым жетістіктері мен инновацияларды игеру, ғылым, өндіріс тізбеген дамытудың маңыздылығын мойындай бастадық. Нарықты экономика тұсында ғылыми жаңалықтарды инновациялық компаниялар игеріп, өндіріске енгізіп отырады. Бұл салаға шағын инновациялық кәсіпкерлік айтарлықтай үлес қосады.
Шағын кәсіпкерлік кез – келген мемлекет экономикасының негізгі саласының бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез –келген нарықты экономика дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отыр. Егер, Еуропа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсіпорын болса, АҚШ – та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсіпорын ғана құрайды екен.
Бұл кәсіпкерлік сферасында шағын инновациялық бизнес ерекше орын алып, мемлекет экономикасының дамуына көп әсер етеді. Ол бірқатар артықшылықтарға ие:

  1. шағын инновациялық кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай экономиканың барлық сферасын қамтиды.

  2. ірі фирмалар ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді жүргізуге мүмкіншілігі әлде қайда көп болса да, күрделі басқару пирамидалары себебінен инновациялық процесс баяу атқарылады. Сондай – ақ ірі фирмалар сыртқы орта өзгерістеріне тез икемделіп, жауап қайырып, процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті.

  3. шағын фирмалар ірі компанияларға қарағанда ғылыми – техникалық зерттеу нәтижелерін, инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпке жылдамырақ енгізеді.

АҚШ ұлттіқ қорының зерттеулері бойынша ірі компанияларға қарағанда шағын фирмаларда 2,5 есе көп жаңалық ашады, өнеркәсіптегі 50% инновациялар шағын кәсіпкерлік саласымен жасалынған. Ал өнеркәсіпке енгізу прцесі шағын кәсіпкерлікте 1 жылға ертерек іске асыралады.
Дүниежүзілік тәжірибеге қарайын болсақ, шағын инновациялық кәсіпкерлік қызметіне және дамуына ең қолайлы жаңдай ғылыми технологиялық орталықтарда – инкубаторларда, технопарктерде, технополистерде ұйымдастырылады екен.
Қазір дүниежүзінде 400-ге жуық технопарктер бар, олардың жартысы АҚШ – та орналасқан.
Еуропада континентінде технопаркті құрылымдар 70 жылдардың басынан дами бастады. Алдымен Ұлыбританияда, онан кейін Францияда, германияда. Қазір Францияда «техникалық регионалды комплекстерді дамыту» бойынша мемлекеттік қызмет бар. Франциядағы ең ірі технопарктер – «София – Антиполис». Бұл технопаркте 26 өнеркәсіптік кәсіпорын, 14 ғылыми зерттеу ұйымы бар. Жалпы Францияда 50-ге жуық технополистер мен технопарктер бар.
Жапонияда мемлекеттік программалар негізінде 20-ға жуық технополистер қалыптасқан, олардың ішіндегі ең ірісі Цуруба. Мұнда 47 зерттеу ұйымы, бүкіл ғалымдардың 40% -і шоғырланған.
80 жылдардан бастап дамушы елдерде Бразилия, Индия, Қытай мемлекеттерінде технопарктер маңыздылығын түсініп, олардың қызметіне жағдай туғызу бастады.
Ғылыми – технологиялық орталықтардың қызмет көрсету деңгейінің кеңеюі, өспелілігіне байланысты олардың былайша тізбектелуін көрсетуге болады: инкубаторлар, технопарктер, технополистер, ғылым мен технология аймақтары.
Инкубаторлар – инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы комплекс. Инкубаторларда жаңа ғана қалыптасқан фирмаларға бухгалтерлік, маркетингтік (бизнес – жоспарын жасау, өнімге жарнама, маркетингтік талдау жасау) компьютер, басқа да құрал –жабдықтарды жалға ұсыну сияқты көмектер көрсетіледі. Бұл ғылыми — өнеркәсіптік құрылымының негізгі мақсаты – шағын инновациялық фирмаларды ғылыми идеядан практикаға жеткізу, бәсеке күресіне төтеп бере алатын кәсіпорын дәрижесіне жеткізу.
Технопарк – ғылыми – техникалық, территорлиалды комплекс, негізгі мақсаты шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай қалыптастыру.
Технополис – жеке қала негізінде құрылған ғылыми — өндітістік құрылым.
Ғылым мен технология аймақтары – ірі оқу орындары, ірі өндіріс кәсіпорындары шоғырланған территориясы шектелмеген ғылыми өнім өндіруге маманданған аймақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет