Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
Сабақтың басы
10 минут
Жаңа білім
10 минут
Бекіту
15 минут
Кері байланыс
Сабақтың соңы.
10 минут
Рефлекция
Бағалау
Үй тапсырмасы
|
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпқа қорытынды жасау. «Миға шабуыл» әдісі өткен сабақ бойынша сұрақтар қою.
1.Гидростатикалық қысым дегеніміз не?
2. Сұйықтың ыдыстың табына түсірген қысымы қандай шамаларға тәуелді?
3. Гидростатикалық қысымының формуласы
Ойланыңдар, өткенді еске алыңдар,
Бұл құбылыс айналадан табылар.
Сұйықтар мен газдардағы қысымды,
Кім айтады түсіндірген ғалымды?
Жаңа сабақ:
Тәжірибе:Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады.
Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады?
Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.
Мұғалім: сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме?
Мұғалім: цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динамометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің кқрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар:
|