19-сабақ
Сабақтың тақырыбы:PAINT графикалық редакторының құралдары.
«Жазу» құралы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «Жазу» құралын пайдалана білуді үйрету.
Графикалық редактормен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақ типі:Түсіндіру, әңгімелесу.
Білім және білікке қойылатын талаптар
Оқушы білуі тиіс;
- редактордың командалары және олардың ерекшеліктерін
- графикалық редактордың құралдарын пайдалануды.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
-графикалық редакторды іске қосуды;
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Өткен сабақта алған білімдерін жан-жақты тексеру.
ІІІ.Жаңа тақырып
Суреттің үстіне мәтін салу үшін, төмендегі әрекеттерді орындау керек.
Жазу құралын таңдаңдар.
Мауспен мәтін жазылатын төрт бұрышты жақтау салыңдар.
Пернетақтадан «Көктем» мәтінін енгізіңдер.
Қаріптің өлшемін өзгерту үшін немесе оларды курсив,жартылай қалың немесе асты сызылған жасағыларың келсе, онда бұл үшін Шрифты (қаріп тақтасы) қажет болады.
Мәтінді енгізгеннен кейін, құрал-саймандар тақтасындағы қандай да бір батырмада немесе мәтін жақтауының сыртында шертіңдер.
Тапсырма.Суретке мәтін қосу үшін, орындайтын әрекеттер тізбегін көрсет.
Достарыңызбен бөлісу: |