Нақты көрнекілік (затты не қүбылысты тікелей көрсету) Бейнелеу көрнекілігі (сурет, схема, кесте, плакат, диаграмма т.б) Дыбыстық қүралдар (магнитафон, компьютер, диафильмдер т.б) Көркем сөз арқылы бейнелеу (мұғалімнің оқушыларға заттар мен құбылыстарды түсінікті де жеңіл түрде бейнелеп баяндауы) Қазақ тілі сабағында көбірек қолданылып жүрген көрнекі қүралдардың түрлері мыналар: 1. Таблицалық көрнекілік. Бұл мектепке көп тараған және қазақ тілін оқытуға жиі қолданылатын өте пайдалы әдістеме құралдың түрі (орфографиялық таблица, фонетикалық таблица, грамматикалық таблица т.б). 2. Схемалық көрнекілік. Бұл қазақ тіліндегі заңдылықтарды схема ретінде көрсететін көрнекілік түрі. ЖҰРНАҚ [шы [ла [сын [ар І СУ [лық ІІ СУ [сы [ат [са 3. Плакаттық көрнекілік Оқушылардың сөздігін толтыру мақсатында жасалған плакат, сөз мағыналарын байқату үшін жасалған плакат, жазу емлесі мен тыныс белгілеріне арналған плакат, т.б. 4. Сурет көрнекілігі. Бұған фотоға түсірген суреттер, қолдан жасалған суреттер, кітап бетіне салынып зат танытатын, ғылыми шындығын танытатын суреттер, оқиғаны мазмұнды қамтыған картиналар, картиналық лото, картиналық сөздіктер т.б. жатады. 5. Диаграммалық көрнекілік. Бұл көрнекілік белгілі бір тақырып төңірегінде оқушыларды іздендіруге, ойландыруға байланысты бір құбылыс пен екінші құбылысты салыстырып көрсету үшін қолданылып отыратын көрнекіліктің түрі. б. Модельдік көрнекілік. Бұл көрнекіліктің ғылыми-практикалық маңызы өте зор. Модельдік көрнекілік арқылы оқушылардың дүниетану өрісі кеңейеді, өндірістік заттармен танысып, еліміздің мәдениет табыстарын жетік білетін болады, соның нәтижесінде оқушылардың сөз байлығы молаяды. 7. Альбомдық көрнекілік. Бұл көрнекіліктің түрлерін мүғалім толық пайдаланса, тіл сабағының ғылыми мәдениеттілігі артып, оқушылардың қызығушылығы молаяды. Бұған суретпен берілген альбом, орфографиялық альбом, грамматикалық тақырыптарға арналған альбом, көрнекі құрал түрлеріне арналған альбом т.б. жатады. 8. Диапозитивтік көрнекілік. Бұл оқушыларды мәдениеттілікке баулып, күнделікті өмір шындығымен таныстырып отыратын көрнекіліктің түрі. Бұған кино, телевизор, фильмоскоп т.б. жатады. Ауылдық мектептерден магнитафон, оқу диафильдері, телевизор, кодоскоп, эпидаскоп, грампластинка, кинопректорлар, ЛӘПИ, СВЕТ- терді жиі кездестіруге болады. 9. Символикальқ көрнекілік. Бұл қазақ тілінен оқылатын материалдарды оқушыларға алуан түрлі шартты белгілер арқылы түсіндіретін және соны практика жүзінде талдап, ажыратып беруге үйрететін көрнекіліктің бір түрі. Бұған әртүрлі сызықтармен сызып көрсету, әртүрлі бояумен көрсету, жақшаға алу, тік сызықпен бөлу, геометриялық белгілер арқылы белгілеу, стрелкамен көрсету, айшықпен белгілеу, қысқарған әріптер арқылы көрсету. 10. Тақта көрнекілігі. Бұл қазақ тілін оқытуда ерекше қолданылатын және өте өнімді көрнекіліктің бірі.Тілден өтілетін материалдар, оны дәлелдейтін мысалдардың барлығы да тақта арқылы көрсетіледі. 11. Кескінді әріптер мен буынга бөлінген сөздіктер көрнекілігі. Бұл – жаңа оқи бастаған оқушыларды жазуға, оқуға үйрету үшін өте қажетті көрнекі құралдардың бірі. 12. Карточкаларды пайдалану көрнекілігі. Бұл оқушылардың өздерін іздендіру үшін және оларды өздігінен талдап жазуға және, айтып, дәлелдеуге үйрететін көрнекі кұралдың түрі. Перфокарталар - осы карточкалардың бір түрі. Олардың қолайлылығы сонда, бүктемелі қағаздың бет жағына оқушының аты жөні, өткізілген күні және тапсырма жауаптары жазылатын жерлерді қиып қояды. Бүктеменің ортасына ақ қағаз салып, оқушы аты жөнін жазып тапсырманы орындайды. Мүғалім сол бетті алып тексереді де, келесі оқушыға перфокартаны беріп, тапсырманы орындата беруге болады. 13. Зат пен нәрсенің өзін көрсету көрнекілігі. Бұл көрнекілік оқушыларға табиғи нәрсенің өзін көрсетіп таныту, оларды өмір практикасына араластыру, өндіріске барып жүмыс түрлерімен таныстыру жағынан ерекше маңызы бар. Көрнекілік оқушыны байқампаздыққа, оймен топшылауға жаттықтырады
Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі және техникалық құралдар әдістемесі. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі және техникалық құралдар және оларды тиімді пайдалану жолдары.
Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдарды тиімді пайдалану жолдары. 2. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын техникалық құралдарды тиімді пайдалану жолдары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 2. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |