3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі –Алматы, Ана тілі, 1996 ж.
3.Қазақ тілінің грамматикасын меңгертуде оқытудың озық үлгілерін басшылыққа ала отырып оқытудың маңыздылығы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:Қазақ тілі грамматикасын оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Әңгіме әдісі немесе сұрақ -жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. әңгіме кезінде балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар өздері шешуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, соның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, «қайда?» сұрағына жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада, мектепте, балабақшада т.б. ) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек.
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға (оқушылардың) балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда), тіл құбылыстарын жеке – жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік немесе индукция әдісі деп аталады. Ал, екінші жағдайда анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материалға қолдануды (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе тексті талдауды) ұсынады, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті немесе дедукция әдісі деп аталады. /Слайд көрсету/.
Дәрісті қорытындылау:Қазақ тілі грамматикасын оқыту әдістемесі.. Әңгіме әдісі немесе сұрақ-жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталатындығы. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасатындығы және оларды сабақта қолдану. Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асатындығы.Әдіс пен тәсілдің бір-бірімен байланыстылығы. Олар жайында әдіскер ғалымдардың пікірі. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын жаңа инновациялық технологиялар және оларды басшылыққа ала отырып оқушы бойындағы дағдыларды қалыптастыру жолдары. Жаңа технология страгегияларын грамматика сабақтарында тиімді қолданудың маңыздылығы.
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асатындығы және оларды тиімді қолдану.
2.Қазақ тілін оқытуда пайдаланылатын тиімді әдіс-тәсілдерге сипаттама беру, ғылыми негізіне тоқталу.
3.Қазақ тілінің грамматикасын меңгертуде оқытудың озық үлгілерін басшылыққа ала отырып оқытудың маңыздылығы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956
2. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.
3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі –Алматы, Ана тілі, 1996 ж.
4 модуль
Грамматиканы оқыту әдістемесі.
№13 –дәріс
Тақырыбы:Сөзжасамды оқыту әдістемесі. Сөзжасамды оқытуға көрнекі, техникал. кұралдар мен сөздіктерді тиімді пайдалану. (2сағат)