Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001. 2.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999 5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998. 6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001. 7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999 8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005. 9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986. 9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985 10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі –Алматы, Ана тілі, 1996 ж. 12. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002
№8 -дәріс
Тақырыбы: Лексиканы оқыту әдістемесі. Лексиканың мазмұны,оқыту принциптері, әдістері. (2сағат)
Дәрістің жоспары: Лексиканы оқытудың төрт кезеңі. Оқушылардың лексика саласынан алатын білімдерін жүйелеу және іскерліктерін жетілдіру. Лексиканы меңгертудің тиімді жолдары. Дәрістің қысқаша мазмұны: Жалпы білім беретін орта мектептерде «Лексика» тарауы 5-сыныпта оқытылады. Лексиканы оқытуда мына 3 мәселеге ерекше назар аудару қажет: 1.Сөздің мағыналық топтары (синоним, антоним, омоним, тура, ауыспалы, көп мағыналылық /полисемия/). 2.Әр түрлі қолданылу аясы жалпылама қолданылатын сөздер, сондай-ақ белгілі аяда қолданылатын сөздер/терминдер, диалект және кәсіби сөздер/, көнерген сөздер, неологизмдер. 3.Шығу төркініне қарай: қазақтың байырғы сөздері мен басқа тілден енген сөздер. Мектепте лексиканы оқыту, негізінен 4 принципке негізделеді: 1) сөз мағынасын шындықпен салыстыру; 2) лексикалық мағына мен грамматикалық мағыналарын салыстыру; 3) семантикалық – мағыналық принцип; 4) диахрониялық принцип. Лексика туралы жалпы түсінікті өткенде мұғалім сөз мағыналарындағы өзгерісті мұқият түсіндіріп кеткені жөн.Сөз және лексикалық мағына. Лексиканың қазақ тілінің сөз байлығын тексеретін саласы екендігіне баса назар аудартылады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі туралы мәлімет беріліп, қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналарына тоқталады. Сондай-ақ, қазақ тілінің сөздік құрамы мен негізгі сөздік қоры, сөздік құрамның жалпы сипаты, негізгі сөздік қордың басты белгілері ажыратылады. Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның ара қатынасы, түркі тілдеріне ортақ сөздер, тіліміздегі мағыналы, мағынасыз сөздер, сөз мағынасының өзгеру себептері түсіндіріледі. Одан әрі сөз мағынасы өзгеруінің, жаңа мағына иеленуінің сыртқы / немесе экстралингвистикалық/ және ішкі /немесе лингвистикалық/ себептері болатындығы. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Ауыспалы мағынаны тудыратын тәсілдер. Сөз мағынасының функционалды семантика заңы бойынша да өзгеретіндігі. Метанимия жасалу жолдары. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні немесе керісінше қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы мысалдар келтіре отырып түсіндіріледі. Көп мағыналық. Лексикалық мағыналардың түрлері: тура /немесе номинативті/ мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына. Сөз мағыналарын затпен немесе құбылыспен байланысу сипатына қарай, шығу, пайда болу тарихына қарай, тіркесу қабілетіне қарай, функциялық-стильдік реңктеріне қарай жаңаша топтастыру. Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуі. Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. Омонимдердің жасалу жолдары. Омонимдердің типтері. Синонимдер. Синонимдердің айырым – белгілері. Синонимдік қатар және Синонимдердің жасалу жолдары. Синонимдердің типтері түсіндіріледі. Сөз мағынасының өзгеріп, қосымша мағынаға ие болуына оның тұрақты сөз тіркестерінде немесе сөйлемде қолданылуы әсер етуі мүмкін. Сөз тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылу ыңғайына қарай, фразеологиялық байлаулы мағынаға ие болса, сөйлемде қолданылу ыңғайына қарай кейде грамматикалық байлаулы мағынаға немесе синтаксистік шартты мағынаға ие бола алады. Мысалы, жел деген сөздің «ауаның ағымы» деген мағынасы – бастапқы, негізгі мағына да, «бос» деген мағынасы – туынды, фразеологиялық мағына. Бұл соңғы мағына оның жел сөз тұрақты тіркесте қолданылу ыңғайына қарай пайда болған қосалқы мағынасы болып саналады. Мұнымен бірге, сөз сөйлемде белгілі бір қызмет атқаруына, қолдану ерекшелігіне байланысты үстеме мағынаға ие болуы мүмкін. Сөз мағынасының өзгеруінің ішкі (лингвистикалық) себептері негізінен алғанда, - міне, осылар.
Достарыңызбен бөлісу: |