Бм музыка үйрету тәрбиесінің теориясы мен технологиясы



бет36/91
Дата05.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#14086
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91
2. Ән туралы әңгіме. Әннің көркемдік құндылығын, мәнін, мазмұнын тереңірек жеткізу үшін әңгіме жүргізуге, қосымша көрнекті құралдар қолдануға, бейнелеу өнері мен әдебиетке баланыстыруға болады. Дегенмен де ән туралы әңгіме ұзаққа созылып, балалардың назарын ән үйренуден бұрып кетпеуі керек. Бұл жерде композиторлар, әннің сөзін жазған ақын, шығу тарихы, композитор өмірінен қызықты оқиғалар жайлы қысқа да нұсқа әңгімелер айтуға болады.
3. Ән үйрету. Әнді үйрету сыныптағы балалардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау мүмкіндіктеріне байланысты жүргізіледі. Дегенмен де әнді үйретудің барлық жастағы балаларға ортақ жолдары бар. Әдетте, әнді үйреткенде әуелі фразамен, жолмен үйретеді, сонан соң, шумағын түгел айтқызады, егер қайырмасы болса әрі қарай да тура осылай баулынады. Мұғалім үйретілетін сөйлемді өзі бір рет орындап берген соң, екінші рет оқушыларға іштерінен қосылып айтқызуға болады, үшінші рет кәдімгідей орташа дауыспен қосылып орындатады. әр қайталағанда мұғалім жай айтқыза салмай, белгілі бір талап қойып отыруы тиіс. Мысалы, «Мұғалімдерге қосылып айт», «Әуеннің жүру бағытын қолыңмен көрсет», «Ақырын айт», «Жай екпінде орында» т.б. осыны кестеге салып әр сабақ үстінде ән айтудағы ережелерді әдемі, анық етіп жазып, оны көз алдарында іліп ұстауымыз керек. Үйренуге қиын фрагменттерді, тактілерді бөліп алып, алдын–ала әнді жаттығу ретінде үйретуге болады. Әнді үйретудің бұдан басқа да тәсілдері бар. Мысалы, есту арқылы үйрету, графикалық сызықтарға сүйену, нотаға сүйену, сольфеджиомен айту т.б
Ән үйретудегі негізгі жұмыстардың бірі – оның сөзін жаттату. Мұғалім, әдетте мәтінін тақтаға жазып қояды, көрнекі құралдардан көрсетеді. Бастауыш сыныптарда ән сөзін тақтаға жазғаннан ғөрі, қимылмен үйрету маңыздырақ. Қимыл арқылы ән сөзін тез жаттайды және ұзақ уақыт естерінде сақтайды. Ән орындалып болған соң, мұғалім өлеңнің сөзін оқып, оның мазмұнын, текстіде кездесетін қиын сөздерді түсіндіруі тиіс. Оқушы сөзді әнмен бірге үйренуі, жаттауы тиіс. Сөздің мәнін жақсы сезінген бала әнді мәнерлеп айтуға тырысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет