– Мүмкіндіктер мен қорлар. Студенттерге қауіпсіз және ынтасын оятатын оқыту ортасын ұсынады, мұнда олар академиялық бағдарлама, атлетика және бейнелеу өнері сияқты оқу бағдарламаларының алуан түрімен танысады.
Мораль адамдар өздерінің мінез–құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір–біріне, қоғамдастықтың әртүрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ережелердің, нормалардың жиынтығы. М. – қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Өзін сақтап қалу үшін қоғам адамдардың бәрі ұстануға тиіс ережелер қалыптастырып, олар арқылы жалпы адамдардың, жыныстардың және ұрпақтардың арасындағы қатынастарды реттеп отырды.
М–дың пайда болуы туралы бірнеше концепциялар бар. Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдайдан беріледі.
Эмпирикалық концепция М. адамның, оның тәжірибесінің, тарихының дамуының, әдеп–ғұрыптары мен дәстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді.
Автономдық концепция бойынша М. адамға әуелден, генетикалық деңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде өзгеріске көп ұшырамайды және адамдардың индивидуалдық сапаларына байланысты әрбір адамда әртүрлі.
М–дың ұлттық, таптық және жалпыадамзаттық сипаты бар. Кезінде таптық М–ға шектен тыс назар аудару, оны әсірелеу қоғамға белгілі бір деңгейде зиян әкелгені белгілі. Қазіргі уақытта ұлттық М–дық құндылықтарды жаңғырту ұлтты сақтап қалу, мысалы, қазақ ұлтын сақтап қалу факторы ретінде қарастырылып отыр. Бұл дұрыс қадам деп мақұлдай отырып, М–дың жалпыадамзаттық сипатын да естен шығармауымыз керек. Қоғамдық сананың басқа формаларымен салыстырғанда М. ең басты десек, артық емес, себебі адамның адами сипаты оның бойындағы адамшылығы арқылы, қоғамның даму деңгейі оның адамгершіліктік келбеті арқылы анықталатыны сөзсіз.