Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік унивеситеті
Филология факультеті
БӨЖ
Тақырыбы: Сақтардың грек-парсы соғыстарына қатысуы
Қабылдаған: Жолсейтова. М. А
Орындаған: Луцет Мария
Тобы: ФАД-412 Б (F)
Түркістан-2024
ЖОСПАР:
I.Кіріспе…………………………………………………………………...2
II.Бөлім
Сақтардың этногенезі және тарихи кезеңдері………………..….4
Сақтардың көршілерімен қарым-қатынастары……………..…...5
III.Бөлім
Грек-парсы соғыстын басталуы………………………….…….....6
Грек-парсы соғыстарының себептері мен барысы………….…..7
Грек-парсы соғысы және ондағы сақтардың рөлі.......................9
IV. Бөлім
Соғыстан кейінгі сақтардың саяси жағдайы………………......11
Сақтардың әскери-саяси рөлі мен оның салдары………….….12
III. Қорытынды……………………………………………………….….13
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………......14
Кіріспе:
Тақырыптың мақсатты мен міндеттері: Еліміздің тарихы өте тереңнен бастау алатыны және түрлі оқиғаларға бай екені баршамызға белгілі. Соның ішінде көне замандағы тарихи үрдістер өзінің құпиялылығымен ерек- шеленгендіктен, әрі толық зерттелмегендіктен тарихшылар қауымын үнемі қызықтырып келе жатқаны анық. Сондықтан да қазақтардың ежелгі тарихы басқа кезеңдерге қарағанда өзекті болып қала береді. Соның ішінде қазақ халқының шығуы мен оның генезисіне негіз қалаған сақтардың тарихы ғылыми тұрғыдан әлі де зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі. Әсіресе сақтардың парсылармен жүргізген соғыстары немесе Кир, одан кейін Дарий бастаған парсылардың сақ даласына жасаған басқыншылығы отандық тарихнамада әлі толық ашылған жоқ. Сондықтан да тарих ғылымында бұл мәселенің арнайы талдануы қазақтардың ертедегі тарихын ғылыми негізде тура және терең түсінуге мүмкіндік бермек. Өйткені парсы-сақ соғыстары арқылы біз сол кездегі ұлан байтақ сақ даласында мекен еткен тайпалардың тұрақтары мен мекендері, оларды билеген патшалардың атқарған қызметтері мен рөлдері, тағдыры өте күрделі қарапайым сақтардың тәуелсіздік жолындағы талай азапты жолдарын анықтай аламыз. Ал бұл бағытта зерттеу жүргізу тарихтың ақтаңдық жолдарын аша түседі. Сондай-ақ сақтардың тарихын білу дегеніміз өткеннен сабақ алып, болашақты дұрыс болжауға да мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Бүл тақырыптың сақтардың грек-парсы соғыстарына қатысуын зерттеудің мақсаты — осы тарихи оқиғаларда сақтардың қандай рөл атқарғанын анықтап, олардың Парсы империясы әскеріндегі маңыздылығын көрсету. Бұл арқылы сақтардың әскери және саяси тарихына қосқан үлесін анықтап, олардың стратегиялық әрекеттері мен тактикалық ерекшеліктерін түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |