II.Бөлім
Б. з. б. І мынжылдықта Солтүстік Ундістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстаннын оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. 3. б. V г.) және басқа антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.
Сак тайпалары Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Днепр бойын мекендеген скифтердін және төменгі Еділ бойы мен Онтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың, Кир мен I Дарий парсыларының және Александр Македонский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас жасаған, тіпті б. з. б. VI - V гасырларда Ахеменидтер империясының құрамына да кірген. Ахеменидтік сына жазба деректемелерінде сақтар туралы аз болса да, анық деректер кетірілді. Мәселен, оларда сақтардың үш тобы: хаумаварға сақтар (хаом сусынын қайнататын сақтар), тиграхауда сақтар (шошақ берік киетін сақтар), тиайпарадрайа сақтар (теңіздің арты бетіндегі сақтар) туралы хабарланды. Алгашқы екі топ Геродотқа таныс болды, бұларды ол амюргия сақтар және ортокарибантия сақтар деп атайды.
Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазакстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Кырғызстан аумағында және Қазақстанның өнтүстігінде тиграхауда сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған,оған Онтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да енген.
Сақтардың тарихи кезеңдері:
1. Б.з.д. VIII-VII ғасырлар: Сақтардың тарихының ең ерте кезеңі. Бұл кезеңде сақтар Еуразия далаларында көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, аймақтағы басқа халықтармен мәдени және экономикалық байланыс орнатты. Олар жылқы шаруашылығын дамытуда ерекше орын алды.
2. Б.з.д. VI ғасыр: Бұл кезеңде сақтар Ахеменидтік Парсы империясымен тығыз байланыс орнатты. Парсы патшалары сақтарды өз әскерлеріне шақырып, оларды көптеген жорықтарда пайдаланды. Сақтардың бұл кезеңдегі ең әйгілі оқиғаларының бірі — Томирис патшайымның парсы патшасы Кир II-ні жеңуі. Бұл оқиға сақтардың тәуелсіздігін сақтап қалуына себеп болды.
3. Б.з.д. V-IV ғасырлар: Сақтардың Ахеменидтік империяның құрамында грек-парсы соғыстарына қатысуы. Бұл кезеңде сақтар парсы әскерінің құрамында Грекиямен болған соғыстарға қатысты. Олардың атты әскері мен жауынгерлік өнері парсыларға үлкен көмек көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |