Бөлімшелерде тәрбие жұмысын ұйымдастыра отырып, келесі факторларды, жағдайларды, әсіресе қазіргі кезеңде өзекті болған жағдайларды ескеру қажет: Біріншіден, жауынгерлердің терең ғылыми дүниетанымын, әлеуметтік құбылыстарды объективті және ғылыми негізделген түсіндіруі мен бағалауын қалыптастыру.
Екіншіден, жауынгерлердің бойында қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқына деген адалдық, әскери борышқа адалдық, ұдайы әзірлікте болу сияқты қасиеттерді тәрбиелеу қажет.
Үшіншіден, тәрбие жұмысының барлық мазмұны әрбір жауынгер өз өмірінің мәні мен мақсатын өз Отаны - Қазақстан Республикасына қалтқысыз қызмет етуде, өзінің әскери борышын адал орындауда көруіне бағынуға тиіс.
Төртіншіден, ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі жағдайында жауынгерлік іс-қимылдарды өзгерту және жүргізу, жоғары дәлдікті жаппай қырып-жою қаруын қолдануда жеке құрамның моральдық-саяси және психологиялық дайындығын күшейтудің ерекше маңызы бар.
Тәрбие жұмысын жоспарлауда шындық принципіне сүйену маңызды. Жақсы жоспар - бұл орындалатын жоспар. Бұл шындық көбінесе командирдің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының бөлімнің (бөлімшенің) алдында тұрған шешілуі тиіс міндеттерді, жағдайдың ерекшеліктерін және оның мүмкін болатын өзгерісін алдын-ала терең білуімен анықталады.
Жоспарлаудың нақтылығыоның жеке құрамның өмірімен, жауынгерлердің қажеттіліктерін, мүдделерін, көңіл-күйін білумен тығыз байланысты.
Командирдің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі тәжірибелі орынбасары жоспарды жеке өзі жасамайды. Ол бұған бүкіл тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімін, жастар бастамасы мен белсенділік орталығын тартады.
Егер жоспарды құрастыру кезінде жұмыстарды әркімге дұрыс бөлу принципі, орындаушылардың жеке жауапкершілігі ескерілмесе, ең жақсы жоспар қажетті нәтиже бермейді.
Осылайша, бөлім (бөлімше) командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары – ең алдымен тәрбие жұмысын ұйымдастырушы.
Ұйымдастырушы болу дегеніміз – жоспарды жүзеге асыруға мүмкіндігінше кең ауқымды адамдарды тарту, оларға нұсқау беру, қатаң бақылау орнату, әр іс-шараны дайындау, қажет болған жағдайда уақтылы көмек көрсету.
2 – ші оқу сұрағы. Бөлімшедегі тәрбие және идеологиялық жұмыс жоспарларының құрылымы және мазмұны. Бөлімшедегі жауынгерлік әзірлікті көтеру және әскери тәртіпті нығайту бойынша іс-шараларды дайындауға және өткізуге бағытталған, тәрбие және идеологиялық жұмысты жоспарлау. Тәрбие жұмысының басты міндеті: -уақыт талаптарына жауап беретін азамат-жауынгердің жеке қасиеттерін дамыту (патриотизм, ар-намыс, қадір-қасиет, батылдық және қайсарлық) ,
-әскери қызметшілерде Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру,
-әскери тәртіптің жоғары деңгейін, ұжымдардың ұйымшылдығын, жеке құрамның оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға моральдық және психологиялық дайындығын қолдау болып табылады.
Тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: -әскери-кәсіби;
- саяси;
-мемлекеттік-патриоттық;
-рухани-адамгершілік;
- эстетикалық;
- физикалық;
- экологиялық және т.б.
Тәрбие жұмысын іске асырудың негізгі құралдары: - мемлекеттік-құқықтық дайындық;
-ақпараттық-насихаттау жұмысы;
-мәдени-бос уақыт жұмысы;
-әскери қоғамдастық ұйымдарымен және әскери активпен;
-мемлекеттік билік органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, діни бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және т.б. өзара іс-қимылды ұйымдастыру болып табылады.
Тәрбие жұмысы - командирлер мен олардың орынбасарларының, әскери басқару органдарының негізгі бағыттарының бірі және әр офицердің міндеті.
Оның негізіне "Әрбір командир (бастық) өз бағыныстыларын тәрбиелейді"деген ереже алынған.
Барлық командирлердің бағыныстыларды тәрбиелеуге қатысуының басты нысаныжеке үлгі болып табылады, бөлімшеде (бөлімде) мықты жарғылық тәртіпті құру және қолдау болып табылады.
Тәрбие жұмысының мазмұны мен нақты іс-шаралары тәрбие және идеологиялық жұмыс жоспарларында көрсетіледі:
- бөлімдер мен бөлімшелерде - бір айға; -қарауылдар мен жауынгерлік кезекшіліктерде - қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезеңіне.