Бөлімдері: Көркем әдебиет Тақырыбы: : Ынтымағы жарасқан отбасы. Мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі47,76 Kb.
#7052
Мектепалды тобына арналған

жинақталған оқу жүйесінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Көркем әдебиет
Тақырыбы: : Ынтымағы жарасқан отбасы.
Мақсаты:

  1. Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

  2. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

  3. Отбасылық, туыстық қарым-қатынастың мәнін түсіндіру.


Сөздік жұмысы: ынтымақ, жарасқан.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекіліктері: Отбасы суреті. Ата-әже, әке-ана, аға-іні, әпке-сіңілі суреттері.



Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ойды оятатын уәждер

Шаттық шеңберге тұрып, өлеңді қайталайды.
Кел,балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік!




Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.


Іздену жұмыстарын ұйымдастыру.


Тыныштық сәті: Баяу музыка ойнап тұрады.

- Бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы! Көздеріңді жаймен ашыңдар.





Балалар отбасы мүшелерін елестетіп көріп, өз отбасы туралы әңгімелеп береді.











Дидактикалық ойын: «Менің отбасым».

Ойын шарты: балалар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, отбасы туралы жаңсы сөздер айтады.

- Менің отбасым ... (тату).

- Менің отбасым ... (көңілді).

Ойын осылайша жалғаса береді.
Дәптермен жұмыс: «Ынтымағы жарасқан отбасы» суретіне қарап, әңгіме құрау. Балалар жауап береді.
Сергіту сәті:

Біздің үйде ән тарап,

Думандатар өмірді.

Біздің үйде салтанат,

Біздің үйде көңілді.
«Отбасым - бақыт мекені» - жоғары дауыста

орта дауыста

төмен дауыста айтылады.

Балалар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, отбасы туралы жаңсы сөздер айтады.

«Ынтымағы жарасқан отбасы» суретіне қарап, әңгіме құрап, жауап береді.

Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасайды.



Өз іс - әрекетіне мұғалімнің қолдауымен қорытынды баға беру.

Қорытынды:

- Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Отбасына кімдер жатады?

- Сенің отбасыңда неше адам бар?

- Өз отбасың туралы әңгімелеп бер.

Балалар сұрақтарға жауап береді.





Үміт еткен сабақ қорытындысы:

Білу керек:

Отбасы туралы түсініктерін кеңейтіп, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынасын білу керек.



Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

  2. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

  3. Отбасылық, туыстық қарым-қатынастың мәнін түсіндіру.

Сөздік жұмысы: ынтымақ, жарасқан.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Отбасы суреті. Ата-әже, әке-ана, аға-іні, әпке-сіңілі суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттың шеңберіне тұрады, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.

Кел,балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік!

Тыныштық сәті: Баяу музыка ойнап тұрады.

- Бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы! Көздеріңді жаймен ашыңдар.

Балалар өз отбасы туралы әңгімелеп береді.

Дидактикалық ойын: «Менің отбасым».

Ойын шарты: балалар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, отбасы туралы жаңсы сөздер айтады.

- Менің отбасым ... (тату).

- Менің отбасым ... (көңілді).

Ойын осылайша жалғаса береді.

Дәптермен жұмыс: «Ынтымағы жарасқан отбасы» суретіне қарап, әңгіме құрау. Балалар жауап береді.

Сергіту сәті: Біздің үйде ән тарап,

Думандатар өмірді.

Біздің үйде салтанат,

Біздің үйде көңілді. (Қимылмен көрсетеді).

«Отбасым - бақыт мекені» - жоғары дауыста

орта дауыста

төмен дауыста айтылады.

Қорытынды:

- Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Отбасына кімдер жатады?

- Сенің отбасыңда неше адам бар?



- Өз отбасың туралы әңгімелеп бер.
Каталог: uploads -> doc -> 109f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
109f -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа назарын аудару. Психологиялық дайындық
109f -> Қазақ халқының материалдық мәдениеті Сабақтың тақырыбы
109f -> Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет