Хабаршы. Психология және социология сериясы. №4 (63). 2017
6
Эмоция механизмінің психофизиологиялық
теориялары
Лимбикалық жүйе – ми құрылысының терең
филогенетикалық қызметтік жүйесімен, ағзаның
жүріс-тұрыстық реакциясы және вегетативті-
вицералдық реттеу қызмет аймағымен байланы
-
сты. Оған таламус бөлігінің алдыңғы өзегі, соны
-
мен қатар алдыңғы мидың соңғы бөлігі жатады.
Нейрондар жүйке жүйесінің белсенділігіне әсер
етуші (жүрек қағысы, тыныс алу т.б.) аралық
мидың арнайы аймақтарына бағытталған,
күшті эмоциялық
өтуіндегі физиологиялық
өзгерістерді осы аймақ бақылайды.
Барлық ағзадан түскен жүйке сигналдары,
ми қыртысындағы жолдармен бағыттала, гип
-
покамп немесе алдыңғы ми бөлігіне бір немесе
бірнеше лимбикалық құрылым арқылы өтеді. Ми
қабығынан шыққан сигналдар да осы құрылым
арқылы өтеді.
Лимбикалық жүйенің әр бөлігі эмоция қалып-
тасуына әрқалай жауапты. Оның туындауы мин-
далды жиынтық торлы түзілістің формация белсен-
ділігіне тәуелді (Рейман Е.М. т.б., 1989: 116).
Достарыңызбен бөлісу: