Ботаника Оқу әдістемелік құралы



бет23/35
Дата17.02.2017
өлшемі13,44 Mb.
#9670
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35

Жұмыстың барысы

1 Тапсырмаға берілген тұрақталған немесе гербарий арқылы пион және кувшина гүлдерінің құрылысымен таныса отырып, бұлардағы гүл аталығының күлтеге және жапырақ пен гүл тостағаншасының бір - біріне ауыса өту аралық формаларын суретке салу қажет.



  1. Қызғалдақ, итмұрын, алма,б әрпі немесе у қорғасын, тегеуірінгүл және басқа да өсімдіктер гүлдерінің ұзынынан / аналық арқылы/ жартылай кесіндісімен таныса отырып, аналықтың түрлерін, гүл жатынының /гүл кіндігі/ түрлерін салу. Гүл құрамдарының қызғалдақ, сарғалдақ, қызылша, бұршақ орналасу түрлерін, даражынысты өсімдіктерді - тал, асқабақ гүлдерінің суретін салу керек.

  2. Күрделі гүлділер өкілі күнбағыс гүлдерінің құрылысымен танысу арқылы, шеткі жыныссыз, қос жынысты ортадағы түтік гүлдердің құрамдық ерекшеліктерін жекелей көрсете суреттерін салу қажет.

  1. Бұршақ және қалампыр гүлдерінде бір шеңберде және әр шеңберде орналасқан гүлдің мүшелерінің бірігіп кетуін табу керек.

  2. Жоғарыда қаралған өсімдіктердің гүлдерінің актиморфты не зигоморфты екендігіне көңіл аудару қажет.

  3. Лалагүл немесе тозаңдығы біршама ірі аталықты гүлдің тозаң қабын ырғай өзегіне қыстыра, өткір алмаспен жұқа кесінділер жасау қажет. Тозаңдық кесінділерін тамшы суға орналастырып, жабындық шынымен жабу керек. Даяр объектілер болмаған жағдайда тұрақты препаратты пайдаланады. Кесінділерді жоғарғы көрсеткішті объективпен көре отырып, тозаң қаптың, тозаң ұяларының құрылысын /эпидермис, фиброзды, эндотеций, тапетум қабаттарын, ұяаралық дәнекерді, жекелеген тозаңды/ көрсете суретін салу.

7 Даяр препараттан, немесе сабаққа арналған объектілерден аналықтың кесіндісін /ұзынынан/, тұқымбүрдің құрылысын /интегументін, тозаң саңылауын, нуцеллусін, ұрық қалтасын, халазасын және ұрық аяғын/ көрсете суретін салу.

8 Ұрық қалтаның құрылысы: жұмыртқа клеткасы, қос синергиді антиподтары, орталық клеткасы мен оның дамуы - мегаспорогенез, қосарлана ұрықтанудың негізі; осылардың жоба - суреті /плакат бойынша/ салынуы.



  1. Гүлкекіре, көкпек, тал, тегеуірінгүл, б әрпі немесе у қорғасын тауқалай, күнбағыс, күнгелді, сарғалдақ және т.б. өсімдіктер гүлдерінің диаграммасын, формуласын құрастыру және олардың жобасын суретке салу. Бұл тапсырмалар арнаулы лупа арқылы орындалады.


  2. Мойыл, қоңырбас, атқонақ, сәбіз, ботакөз, сылдыршөп, сүттіген, тал, долана, беде, гүлкекіре және бидай өсімдіктерінің гүл шоғырларын морфологиялық талдау жасай отырып, суреттерін салу. Жай және гүл шоғырларын анықтау керек / анықталмаған және анықталған гүл шоғырлары/.


30 - сурет. Күрделі гүл шоғырлары. А - күрделі масақ; Б - күрделі шатыргул; В - сыпыртқы гул.

  1. Апокарпты гүлдің жоғары апокарпты гинецейінен дамыған құрғақ жапырақты, көпжемісті бұршақ, күнгелді бұршақтан тиынтақтың буынды жемісін, желайдардан дара дәнді жаңғақшаны, таңқурайдан шырынды көпсүйекті, шиеден дара сүйекті жемістерді анықтау.

  2. Синкарпты гүлдің синкарпты гинецейінен дамыған төменгі синкарпты құрғақ қорапшаны меңдуанадан, қосқанатты жемісті үйеңкіден, құрғақ төменгі синкарпты қостұқымды - қызылбояудан, жаңғақты - шекілдектен /орман жаңғағы/, қоза жемісті еменнен, шырынды жоғарғы синкарпты - померанец лимоннан, жидекті помидордан; шырынды төмен синкарпты жидекті ұшқаттан, жалған жемісті алмадан талдау.

  1. Паракарпий гүлдің сыңар ұялы паракарпты гинецейіне дамыған құрғақ жоғарғы және төменгі паракарпийлі бұршаққынша пруткадан, және астықтардан, тұқым - күнбағыстан, қорапша - қоңыраубастан, шырынды төменгі паракарпийлі жидекті қарақаттан, асқабақтан, қарбыздан және қиярдан анықтау.

  1. Дараұялы лизикарпты гинецейлі гүлден дамыған құрғақ лизикарпты қорапша примуладан, тұқымды - қарамықтардан талдау.

Қайталау сұрақтары:

  1. Гүл дегеніміз не?

  2. Тозаңдану мен ұрықтанудан кейін гүлде не пайда болады?

  3. Циклді, ациклді және гемициклді гүл дегеніміз не?

  4. Шеңбердегі бөліктерінің санына қарай гүлдер қандай болып бөлінеді?

  5. Актиноморфты, зигоморфты гүлдер деп қандай гүлдерді атайды?

  6. Толық және толық емес деп қандай гүлдерді атайды?

  7. Жыныстылығына байланысты гүлдер қандай болып бөлінеді?

  8. Гүл серігі дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?

  9. Өсімдіктер гүлінен қандай гүл түрлерін ажыратуға болады?

10 Бір, екі үйлі өсімдіктер деп қандай өсімдіктерді айтамыз?

11 Тозаң неден пайда болады?

12 Тозаңның құрылысы қандай және қандай жасушалардан тұрады?

13 Вегетативті, гетеративті жаушалар қалай түзіледі және қандай қызмет атқарады?




  1. тақырып Төменгі сатыдағы өсімдіктер

Мақсаты:

  • балдырлардың түрлерімен, жасуша құрамдарымен және көбею түрлерімен танысу

  • саңырауқұлақтардың құрылысымен, көбею ерекшеліктерімен танысу

  • қыналардың түрлерін, сыртқы құрылысының ерекшеліктерін және көбею жолдарын білу.

Жалпы түсінік

Ботаниканың балдырларды зерттейтін бөлімін альгология деп атайды. Балдырлар төменгі сатыдағы көп тараған өсімдіктердің бірі, олардың 40 мыңдай түрі бар. Балдырлардың бір жасушалы, жаушаланбаған, қауымды және көп жасушалы түрлері бар. Олрдың денесінде жіктелген арнаулы мүшелер жоқ, оның орнына тек талломдары болады. Балдырлардың мөлшері мм-дің мыңнан бір бөлігінен 60 м-ге дейін жететіндері бар. Осыған байланысты пішіні, анатомиялық құрылысы әртүрлі келеді.



Балдырлар - өздерінің құрылысы мен тіршілік әрекетінеде бірсыпыра ортақ белгілері болуына қарамастан, сыртқы формалары әртүрлі болып келетін және ерекшеліктері бар алуан түрлі ағзалар. Балдырлардың филогенезі сыртқы құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтарына байланысты қарапайым формалардан күрделі формаларға қарай даму бағында қалыптасқан, лоарды бірнеше ұқсас топтарға біріктіруге болады. Ондай құрылыстылар: монадалы, амебоидты, пальмеллоидты, жіптесінді, коккоидты, пластинкалы, ұлпалы, сифонды болып бөлінеді.




31 — сурет. Сары— жасыл балдырлар. A - вошерия; Б - ботридий; В -трибонема: 1 - клеткасыз таллом; 2 - резоидтар; 3 - көпклеткалы таллом; 4 - зооспорангий; 5 - зооспора; 6 - оогоний; 7 - антридий.
Барлық тірі ағзалар ең қарапайымынан бастап күрделі құрылыстыларына дейін денесі жасушадан тұрады.Көк-жасыл және монада, құрылысты балдырлардан басқаларының басым көпшілігінде ересек кезіндегі вегетативтік жасушаларының құрылысы басқа өсімдіктердікіндей біркелкі келеді. Өсімдік жасушасы тірі заттан және тіршілік әрекетінен құралған заттардан тұрады. Жасушаның тірі затын протопласт деп атайды, ол цитоплазмадан, ядро мен ядрошықтан, пластидтен, митохондрийден, рибосомалардан, Гольджи аппаратынан, эндоплазмалық тордан, плазмодесмадан, микртүтікшелерден және қабықшадан тұрады. Тіршлік әрекетінен құралған жасушаның өлі заттарына вакуольде жиналатын жасуша шырыны, крахмал және ақуыз дәндері, кристаллдар, фотосинтез өнімдері жатады. Жасуша органоидтерінің әрқайсысының жеке структурасы, формасы, мөлшері, химиялық құрамы және атқаратын қызметі болады.

Көбею барлық тірі ағзаларға тән тіршілік қасиеттерінің бірі. Басқа ағзалар сияқты балдырлар да көбейгенде өзіне ұқсас ұрпак қалдырады, ағза түрінің саны артады және органикалық дүние табиғатында көбеюдің сан-алуан түрі бар. Көпшілік ғалымдар көбеюді вегетативтік, жыныссыз, жынысты деп үшке бөледі.

Көк - жасыл балдырлар – Cyanophyta

Класс Хроококкалылар - Chroococcophyceae

Өкілдері Микроцистис - Microcystis

Класс Гормогонялар - Hormogoniophyceae

Өкілдері Анабена – Anabaena, Осциллятория - Oscillatoria

Көк-жасыл балдырлар бір жасушалы, қауымды, көп жасушалы жіптесінді ағзалар, олардың 1500-2000-дей түрлері бар. Басқа балдырлардан жасуша құрылысының ерекшелігі, пигменттерінің құрамы, тіршілік ортасының өзгешеліктері арқылы айырылады. Жасуша қабықшасы оңай кілегейленетін пектинді, тек кейбіреулерінде ғана целлюлозды. Жасушасы органоидтраға бөлінбеген. Ол шеткі боялған қабаттан - хромоплазмадан, ортаңғы түссіз -центроплазмадан тұрады. Жасуша шырыны бар вакуольдар есейген жасушаларда ғана пайда болады. Оның есесіне көк-жасыл балдырлардың жасушаларында азотпен толы газ вакуолі болады. Қор заты ретінде гликопротеид, волютин, анабенин жиналады. Көк-жасыл балдырларда қозғалғыш талшықты кезеңі және жынысты көбеюі болмайды. Көбеюі бір жасушалы формаларында жасушаның тең екіге, қауымдыларда қауымның ыдырауы, жіптесінді формаларда талшықты жіптің үзілуі не гормогоняларға бөлінуі арқылы болады. Эндо және экзоспоралар арқылы жыныссыз да көбейеді. Арнаулы қозғалыс мүшесі болғанымен, бұларда қозғалыс байқалады, ол сыртқы мембрана қабатының толқын тәрізді жиырылуы мен кілегейдің бөлінуіне байланысты болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет