Ботаника Оқу әдістемелік құралы



бет24/35
Дата17.02.2017
өлшемі13,44 Mb.
#9670
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35

Жұмыс барысы

1 Ылғалды препараттар дайындау. Ол үшін зат шынысына пипеткамен зерттелетін судан бір тамшасын тамызып, жабын шынысымен жабасызда микроскоппен қарайсыз.

2 Микроскоптың кіші ұлғайтқышымен микроцистисті, анабенаны, осцилляторияны зерттеп, суреттерін саласыз.

3 Қорытынды ретінде қысқаша сипаттамасын және араларындағы айырмашылықтары мен ұқсастықтарын баяндаңыз.

Микроцистис (Microcystis) туысы шар пішінді, газ вакуолі бар жасушалардан тұрады. Белгілі формасы жоқ кілегейлі қауым. Жасушалары қауым ішінде ретсіз орналасады.

Анабена (Anabaena) туысы жіптесінді тармақ, талмаған коп жасушалы балдыр. Жасушалары жұмыр, дөңгелектеу, сопақ не сақина пішіндес, моншақ тәрізді тізбектеліп келеді. Микроскоппен зерттеген кезде оның жасушаларына және шар пішінді сары не түссіз ірі гетероцистаға көңіл аударьтңыз.

Осциллятория (Oscillatoria) туысы коп жасушалы тармақалған жіптесінді балдыр. Жіпшесі бір қатар орналасқан қсқа цилиндр пішінді жасушалардан тұады да, жіптері жіңішке келеді. Микроскоппен зерттеген кезде осциллятория жіпшесінің теңселіп, қозғалып тұуына, жасушаның құылысына жәе түсіне көңіл аударыңыз.

Бөлім Жасыл балдырлар - Chlorophyta

Класс Вольвоксты - Volvocophyceae

Өкілдері Хламидомонада – Chlamidomonas, Вольвокс - Volvox

Класс Протококты - Protococcophyceae

Өкілдері Хлорелла - Chlorella

Класс Улотриксты -Ulotrichophyceae

Өкілдері Улотрикс - Ulotrix

Жасыл балдырлар - табиғатта көп тараған, жиі кездеседі. Оларға бір жасушалы, қауымды, көп жасушалы тарамдалған және тармадалмаған жіптесінді, пластинкалы және сифонды құрылысты балдырлар жатады. Жасуша қабықшасы целлюлоза мен пектин заттарынан тұрады. Кейбір өкілдерінің жасуша қабықшасы болмайды. Ол цитоплазманың қалыңдаған бөлімі плазмалеммамен қапталған не болмаса перипластан құралады. Жасушалары цитоплазма, ядро, хлоропласт, пиреноид және вакуольден тұрады. Цитоплазмада бір немесе бірнеше хлоропласт болады. Жасыл балдырлардың көпшілігінде жасуша бір ядролы, кейде көп ядролы. Монада құрылысты түрлерінде жиырылғыш вакуолі, қызыл көзшесі, екі тең талшығы болады.

Жасыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді. Жасыл балдырлардың басым көпшілігі тұщы суларда, біраз түрлері теңіз суларында кездеседі, кейбір түрлері ылғалды топырақты, ағашты мекендейді.





32 - сурет. Спирогира: 1 - жасушасында екi хлоропласты бар таллом бөлігі; 2 - жасушасында 6ip хлоропласты бар таллом бөлігі; 3 - конъюгация; 4 -зиготаның өcyi.



33 — сурет. Хара: 1 — жалпы niшiні; 2 - талломның бір бөлігі ; 3 -антеридий; 4 - сперматозоид; а — ризоиды; б - туйнектер; в - орталық жасуша; г -шеткі жасуша; д — оогоний; е — антеридий; ж — сперматоген жіпшелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет