Пәнді оқыту міндеттері: - оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту, тілдің құдіретін және оның эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өз тілін құрметтеу және мақтаныш ету сезімдерін қалыптастыру;
тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде сезінуге тәрбиелеу;
ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасаудағдыларын жетілдіру;
тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, дағдыларды (өз ана тілінде дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу және сауатты, көркем жазу) қалыптастыру және дамыту;
алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және ажырату дағдыларын қалыптастыру;оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сыни ойлауын жетілдіру
Достарыңызбен бөлісу: |