Бухгалтерлік есеп


Мысал  келтіреміз: үстіміздегі жылдың 3-ші тоқсанында



Pdf көрінісі
бет149/167
Дата21.12.2022
өлшемі2,74 Mb.
#163838
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Мысал 
келтіреміз: үстіміздегі жылдың 3-ші тоқсанында
 
темір-
бетон бұйымдарын құю цехының өндірістік мұқтаждықтарына 
2007 жылы қазан айының 1 жұлдызындағы қазандықтың №183 
жүкқұжатына сәйкес, көмекші өндірістен 860000 теңге сомада 
өндірістік бу мен су жұмсалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка 
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8011 — 8030 = 860000 1 типті операция
А (+) А (-)


263
б) 
Негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысын есептеу. 
Бұл операциялар № 8012 «Өндірістік жұмысшылардың еңбегіне 
ақы төлеу» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар 
өндірістік жұмысшылардың еңбекақысына шығындардан пайда 
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 3350 шоттың 
кредитінен № 8012 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
8012 — 3350 Жүктелімдер, еңбекақы
есептеу бойынша есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3350) баланстың активі 
мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын 
алады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстары, екінші 
жағынан бір мезгілде сол сомаға еңбекақы есептеу бойынша 
кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын 
білдіреді.
Мысал
келтіреміз: қыркүйек айының соңында шойын құю 
цехының жұмысшыларына 2007 жылдың қыркүйек айының 
жүктелімі мен есебі бойынша 2000000 теңге мөлшерде еңбекақы 
есептелінді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше 
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8012 — 3350 = 2000000 3 типті операция
А (+) П (+)
в) 
Негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы есебінен 
әлеуметтік салық және әлеуметтік мұқтаждықтарға қаржылар 
есептеу. Бұл операциялар № 8013 «Еңбек ақы қорынан аударымдар» 
шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар өндірістік 
жұмысшылардың еңбекақысы есебінен қаржы бөлу мен әлеуметтік 
салықтан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 3150, 
3210 шоттардың кредитінен № 8013 шоттың дебетіне жасалады. 
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 


264
Дт Кт Құжаттар
8013 — 3150, 3210 Еңбекақы, әлеуметтік салық 
пен әлеуметтік мұқтаждықтарға
қаржы бөлу бойынша есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3150, 3210) баланстың 
активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция 
орын алады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстары, екінші 
жағынан бір мезгілде сол сомаға әлеуметтік салық пен әлеуметтік 
мұқтаждықтарға қаржылар есептеу бойынша кредиторлық қа-
рыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет