Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет92/167
Дата21.12.2022
өлшемі2,74 Mb.
#163838
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Қандай кәсіпорындарда мемориалды-ордерлі үлгі бойынша 
есеп жүргізу тиімдірек болады?
2. Бұл үлгі кезінде аналитикалық есеп қалай ұйымдастырыла-
ды?
3. Қандай жағдайларда журнал-ордерлі үлгіні пайдалану тиім-
дірек болады?
4. Бұл үлгі кезінде синтетикалық есеп қалай ұйымдастырылады?
5. Кәсіпорын есептің үлгісін өзі таңдай алады ма?
77. Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін жауапкершілік кәсіп-
орынның басшысына жүктеледі. Ол бухгалтерлік есепті дұрыс 
жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау, құжаттар мен мәліметтердің 
есебін дайындау мен тапсыруға байланысты бас бухгалтердің та-
лаптарын кәсіпорынның барлық басқа қызметкерлері тарапынан 
толық орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бас бухгалтер басшының бұйрығымен қызметке тағайындалады 
немесе босатылады және оған тікелей бағынады. Ол нормативті 
құжаттарды пайдалана отырып, барлық шаруашылық опера-
циялардың бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс бейнеленуі мен 
бақылануын қамтамасыз ету, кәсіпорын басшылары үшін шұғыл 
ақпарат беру, бухгалтерлік есеп беруді дайындап, оны белгіленген 
мерзімдерде тапсыруға міндетті. 
Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге тауар-материал-
дық құндылықтар мен ақша қаражаттарын, сондай-ақ есеп айыры-


150
су, несие, қаржылық міндеттемелер және шаруашылық келісімдерін 
қабылдау мен босатуға негіз болатын құжаттарға қолтаңбасын 
қояды. Айтылған құжаттар бас бухгалтердің қолтаңбасынсыз заңсыз 
болып саналады және орындауға жатпайды.
Егер бас бухгалтер ұзақ уақыт жоқ болатын болса (демалыста 
немесе ұзақ іссапарда), онда басшы қолтаңбасын қою құқығын 
басқа адамға беру туралы жазбаша түрде бұйрық шығарады. Бас 
бухгалтерге заңдылыққа қайшы және келісім шарт пен қаржылық 
тәртіпті бұзатын операциялар бойынша құжаттарды дайындау мен 
орындауға тиым салынады. Мұндай құжаттар туралы ол басшыға 
жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Басшыдан айтылған құжаттарды 
есепке алу туралы жазбаша ұйғарым алған соң, бас бухгалтер оны 
орындайды. Бірақ, орындалған операциялардың заңсыздығы үшін 
жауапкершіліктің барлығы толығымен кәсіпорынның басшысына 
жүктеледі.
Материалды жауапты тұлғалардың (кассирлер, қоймашылар 
және т.б.) тағайындалуы, босатылуы мен орын ауыстырылуы бас 
бухгалтермен келісіледі.
Жұмыстан босатылу кезінде бас бухгалтер барлық құжаттарды 
жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге тапсырады. Құжаттарды 
тапсыру барысында бухгалтерлік есептің жағдайы мен есепті 
мәліметтердің дұрыстығы туралы кәсіпорынның басшысы бекітетін 
акт жазылады.
Штатында кассирі жоқ кәсіпорындарда, оның міндетін бухгалтер 
немесе кәсіпорын басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа 
қызметкер атқаруы мүмкін. 
Кәсіпорынның басшысы бухгалтерлік есепті жүргізуді мамандан-
дырылған ұйым немесе маманға келісім шарт негізінде тапсыруы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет