«бухгалтерлік саладағы іт» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені


ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ



бет18/58
Дата07.12.2022
өлшемі1,19 Mb.
#161729
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Байланысты:
УМК УиА-19-1 Бух.саладағы ІТ

6. ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


Лекция 1. «1С:Бухгалтерия» жүйесінің тұжырымдамасы

  1. «1С:Бухгалтерия» жүйесінің тұжырымдамасы

  2. «1С:Предприятие» туралы негізгі ұғымдар

  3. «Бухгалтерлік есеп» компоненттері туралы жалпы түсінік

Лекция мақсаты: Кез-келген меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және қаржылық есептілікті тапсыру үшін «1С: Бухгалтерия» жүйесін қарастыру, оның «Бухгалтерлік есеп» компоненттер жүйесін қарастыру.


Қарастырылатын негізгі сөздер: константалар, анықтамалықтар, журналдар, бухгалтерлік шоттар, типтік операциялар, операциялар мен бухгалтерлік жазбалар журналы.



  1. «1С:Предприятие» жүйесі бухгалтерлік есептің кез-келген тарауында қолданылуы мүмкін:

  • банк және кассалық операциялар есебі;

  • негізгі құралдар мен МЕА есебі;

  • материалдық қорлар есебі;

  • өнім өндірісі, қызмет көрсету және тауарлар есебі;

  • валюталық операциялар есебі;

  • ұйымдармен, дебиторлармен, кредиторлармен, есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу есебі;

  • еңбекақы есебі;

  • бюджетпен есеп айырысу есебі.

«1С:Предприятие» жүйесі есепті ұйымдастырудың мынадай мүмкіндіктеріне ие:

  • шоттар жоспарының көпдеңгейлі синтетикалық есебі;

  • бірнеше шоттар жоспары бойынша есеп;

  • валюталық есеп;

  • көп өлшемді аналитикалық есеп;

  • әрбір өлшем бойынша көпдеңгейлі аналитикалық есеп;

  • сандық есеп;

  • бір ақпараттық базада бірнеше кәсіпорындар бойынша есеп.

«1С:Предприятие» бағдарламасына ақпараттарды енгізу әртүрлі тәсілмен жүргізілуі мүмкін:

  1. операцияларды қолмен енгізу режимі;

  2. типтік операциялар режимі;

  3. құжаттар бойынша операциялардың автоматты түрде қалыптасу режимі.

  1. Константалар. Константалар әдетте тұрақты, шартты-тұрақты ақпараттармен жұмыс жасау барысында қолданылады, бірақ олар кезең-кезеңде өзгеріп отыруы мүмкін.Оған көбінесе кәсіпорындар туралы жалпы ақпараттар жатады: кәсіпорын атауы, ҚҚС мөлшері, бас бухгалтердің аты-жөні және т.б.

Анықтамалықтар. Аналитикалық есептерді жүргізу және құжаттарды толтыру барысында қолданылатын, көптеген біртектес объекті мәліметтерін сақтауға арналған. Әдетте, анықтамалықтарға негізгі құралдар, материалдар, ұйымдар, валюталар, тауарлар, қызметкерлер тізімдері және т.б. жатады.
«1С:Предприятие» жүйесі көпдеңгейлі анықтамалықтар мен және бағынышты анықтамалықтармен жұмыс жасайды.
Аударымдар. Аударымдар жүйедегі тұрақты шамалар жиынтығын сипаттау үшін қолданылады.
Аударымдардың типтік түрлеріне төлем түрлері (қолма-қол, қолма-қолсыз, бартер), құрылтайшылар түрлері (заңды тұлға, жеке тұлға), кәсіпорын қызметкерлерінің түрлері (штаттағы, маусымдық) және т.б.
Анықтамалықтар. Кәсіпорындағы кез-келген оқиғаларды көрсету, сондай-ақ мәліметтер мен есептеулерді басқару үшін «1С:Предприятие» бағдарламасында құжаттар қолданылады. «1С:Предприятие» жүйесіндегі құжаттар нақты іс-жүзіндегі құжаттарға сәйкес келеді. Құжаттардың визуалдық және баспалық түрі болады. Оларға: төлем тапсырмасы, кіріс-шығыс кассалық ордерлері, кіріс-шығыс накладнойлары және т.б. жатады.
Журналдар. «1С:Предприятие» жүйесінде құжаттарды көру үшін журналдар арналған. Құжаттар журналы барлық құжаттар немесе құжаттар түрлері бойынша құжаттар тізімін көруге мүмкіндік береді.
Есеп берулер мен өңдеулер. Есеп берулер белгілі бір критерийлер бойынша таңдалған қорытынды немесе детальды ақпаратты қамтитын әртүрлі ақпараттарды алу үшін қолданылады. Есеп берулер қаражаттар қозғалысы мен бухгалтерлік қорытындыларды талдау үшін, сондай-ақ салық комитеті мен басқа да уәкілетті органдар үшін мәліметтерді қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Өңдеулер әртүрлі сервистік немесе регламенттік іс-әрекеттерді орындау үшін қолданылады.

  1. Бухгалтерлік шоттар. Бухгалтерлік шоттарбухгалтерлік есептің шоттар жоспарын, яғни кәсіпорын қаражаттарының синтетикалық есеп объектілерін сақтауға арналған.Бухгалтерлік шоттардың қасиеттері нақты бір мемлекет немесе кәсіпорында қабылданған есеп жүйесіне байланысты икемді түрде өзгеріп отыруы мүмкін. «1С:Предприятие» жүйесі біруақытта бірнеше шоттар жоспарымен жұмыс жасай алады. Әрбір шоттар жоспарында өзінің субшоттар деңгейі мен код ұзындығы , сондай-ақ әрбір деңгейдің субшоттарындағы сандар ұзындығы анықталуы мүмкін.

Операциялар мен проводкалар. Бухгалтерлік есептегі қаражаттардың қозғалысы операциялар мен проводкалар түрінде көрініс табады. Операция кәсіпоырнның бухгалтерлік есебіндегі болған шаруашылық операциясының толық көрінісі болып табылады. Ол бірнеше проводкадан тұруы мүмкін. Проводкалардың операциядан бөлек өзінің болуы мүмкін емес.
Әрбір проводка бір және тек қана бір операцияға тәуелді болады.
Субконто. Субконто термині бухгалтерлік шоттар бойынша аналитикалық есепті жүргізу үшін қолданылатын шамалар жиынтығын сипаттау үшін енгізілген. Субконто ретінде кәсіпорындағы аналитикалық есеп жүргізілетін объектілер көрініс табады. Мысалы: негізгі құралдар, ұйымдар, тауарлар және т.б.
Типтік операциялар. Типтік операциялар механизмі пайдаланушыға жиі қайталанатын операцияларды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Ол үшін пайдаланушы, типтік операциялар шаблонын жасайды. Типтік операциялары бар операцияны енгізу барысында типтік операциялар шаблоны негізінде мәліметтер автоматты түрде толтырылады. Қажет болған жағдайда жетіспейтін ақпарат сұралады (объектілер, валюта және т.б.)
Корректілік (өзгертілетін) проводкалар. Корректілік проводкалар механизмі енгізілетін операцияларды автоматты түрде бақылау үшін арналған. Пайдаланушы өзінің есепті жүргізі дұрыстығы туралы түсінігіне сәйкес корректілік проводкалар тізімін толтырады. Сонан кейін, операцияларды енгізу барысында, сәйкесінше параметр орнатылған болса, жүйе корректілік проводкалар тізімін қолдана отырып, операциялар бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексереді.
Операциялар мен бухгалтерлік жазбалар журналы. Барлық бухгалтерлік операциялар тізімін көру үшін операциялар журналы қолданылады. Онда ең маңызды деген ақпараты (дата, нөмір, мазмұнығ сомасы) қамтылған әрбір операция бір қатарға жазылады.
Бухгалтерлік жазбалар журналы сәйкесінше операциялар бойынша жазбаларды жалпы тізім ретінде қарап шығуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет