ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ
1 Тақырып. «1С: Бухгалтерия» жүйесінің тұжырымдамасы
2 Тақырып. Константтар
3 Тақырып. Анықтамалар
4 Тақырып. Құжаттар мен құжаттар журналы
5 Тақырып. Кадр есебі
6 Тақырып. Еңбекақыны есептеу және төлеу
7 Тақырып. Ақша қаражаттарының есебі және есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу
8 Тақырып. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі
9 Тақырып. Материалдар есебі
10 Тақырып. Тауарлар есебі
11 Тақырып. Дайын өнім және өндіріс есебі
12 Тақырып. Регламенттелінген есеп берулер
13 Тақырып. Мамандандырылған есептер
14-15 Тақырып. Стандартты есептер
2. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
3. ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
4. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ОРЫНДАЛАТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1С: БУХГАЛТЕРИЯ
Кредит саны – 5
ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБАХАТ
Нарықтық экономиканың қатаң талаптарының бірі- экономикалық кадрларды кәсіптік оқыту және дайындау жүйесінің рынок талаптары мен заңдылығына сәйкес болуында. Сондықтан бұл мамандарды дайындау процесі осы талаптарға сай пәндер бойынша білімдердің қажетті мөлшерде алынуын қамтамасыз етуі қажет.
“1С: Бухгалтерия”- бұл қолданулуы мүмкіндігі кең спектрлі шағын кәсіпорындардан бастап өте ірі кәсіпорындарға дейін, өндірістік, өндірістік емес, құрылыс, сауда- әр түрлі жұмыс саласына бағытталған әмбебап бухгалтерлік бағдарлама.
Бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру негізінде, студенттерге эмбебап бағдарламаның құрылымен таныстыру: конфигурациямен жұмыс істеудің терең білімін, мәзір редакторын зерттеу, аспаптар жақтауы, регистрлар, үлгілер, журналдар, құжаттардың есебін жүргізу.
Болашақтағы мамандар үшін барлық теориялық білім мен тәжірибесінің жиынтығын беру курстың мақсаты және міндеттерімен анықталады.
КІРІСПЕ
“1С: Бухгалтерия” пәнін оқыту мақсаты- студенттердің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім алуын, жұмыс істеу дағдыларын үйренуін қамтамасыз ету және жүйелік ойлау қабілетін дамыту, өмірлік көзқарасын қалыптастыру.
“1С: Бухгалтерия” арнайы курсы студенттерді бухгалтерлік есептің түрлі бөлімдерінде компьютерді қолдану мүмкіндіктерімен таныстырады. Пәннің негізгі міндеттері:
шаруашылық операцияларының уақтылы есепке алынуын автоматтандыру;
студенттерді қазіргі заманғы озық әмбебап бағдарламаның құрылымымен таныстыру және олардың осы бағдарламамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
барлық құжаттардың бағдарламаға енгізілуін бақылау;
бухгалтер жұмысын барынша автоматтандыру;
шот жоспары, анықтамаларды зерттеу;
шаруашылық операцияларының стандарттық үлгілерінің есебін жүргізудің тәртібі, осы бағдарламамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |